Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінде ұлттық жоба аясында медпункт ашылды Облыс әкімі Асхат Шахаров Мәртөк ауданына жұмыс сапары аясында Байторысай ауылында ашылған жаңа медициналық пункт жұмысымен танысты. «Стройком+Сервис» ЖШС медициналық мекеме ғимаратын қазанайында тапсырған. Мәртөк аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрсейіт Кішкентаев жаңа медициналық мекемеде фельдшер және санитар жұмыс істейтінін айтты. Мұнда қабылдау, емдеу, сүзгі және физиотерапия бөлмелері жұмыс істейді. Пункт күніне 20 тұрғынды қабылдауға қауқарлы. Биыл Аққайың ауылында да жаңа медициналық пункт ашылды және алдағыуақытта осындай медициналық мекемені Сарыжарда пайдалануға беру жоспарлануда.
«413 адам тұратын Байторысайда жаңа медициналық пункттің ашылуы тұрғындар үшін маңызды оқиға, өйткені бұрыннан бар медициналық мекеме заманауи стандарттарға сәйкес келмеді. Енді ауыл тұрғындары, соның ішінде мектеп оқушылары, зейнеткерлер, жүкті әйелдер мен кішкентай балалар үйдің жанында сапалы медициналық көмек ала алады. Жыл сайын ауылда 7-8 бала өмірге келеді және жаңа медициналық пункт әрбір отбасына уақытылы медициналық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді»,- деді Нұрсейіт Кішкентаев. Медициналық пунктте фельдшер болып жұмыс істейтін Дастан Әлжан 2005 жылы медколледжді бітіріп, Мәртөк ауданына жас маман ретінде келген. Шамамен он жыл бойы Мәртөк аудандық ауруханасында, содан кейін басқа ауылдарда қызмет етті. Қазір Байторысайдағы медициналық пунктте.
«Бүгінде ауылдарда флюрография және скринингтің әртүрлі түрлері жүргізілуде. Халықты медициналық тексерудің ауқымы кеңейтілді. Бұл жерде жүкті әйелдерге, жас балаларға барлық қажетті көмек көрсетіледі. Медициналық мекемелер үшін заманауи жабдықтар сатып алынады. Мұның бәрі ауыл тұрғындарының медициналық көмекалуын айтарлықтай жеңілдетеді және халықтың денсаулығын нығайтады»,- дейді Дастан Әлжан. Облыс әкімі салынған нысанның сапасын бағалап, мұндай медициналық пункттердің ашылуы ауылдық жерлерде денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсартуда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.
«Байторысайдағы медициналық пункттің құрылысы Мемлекет басшысыбастамашылық еткен «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүргізілді. Бұл бағдарлама ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға арналған. Оның аясында облыс бойынша 11 медициналық пункт ашылды. Алдағы үш жыл ішінде ауылдарда тағы 21 медициналық пункт салуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда аудандағы медициналық мекемелер заманауи жабдықтармен жабдықталған: жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторлар, кардиотокографтар, лапароскопиялық аппараттар, кольпоскоптар және тағы басқа құралдар бар. Биыл көшпелі қызметтерді қамтамасыз ету үшін екі медициналық автокөлік алынды. Денсаулық сақтауды дамыту ауылдың инфрақұрылымын жақсартумен қатар жүруде: жолдар салужәне газбен жабдықтау мәселелері шешілуде, ауылдық жерлерде өмірді жайлы ететін жағдайлар жасалуда»,- деп атап өтті өңір басшысы. Сондай-ақ, әкім ауылда медициналық кадрлардың тапшылығы мәселесі шешіліп жатқанына тоқталды. Жас мамандарды қолдау мақсатында олардың біліктілігін арттыру және оқыту үшін гранттық бағдарламалар қарастырылған.
В одном селе Актюбинской области в рамках национального проекта открылся медицинский пункт Аким области Асхат Шахаров в рамках поездки в Мартукский район ознакомился с работой нового медпункта, открытого в селе Байторысай. Здание для медицинского учреждения построили в этом году. ТОО «Стройком+Сервиc» в октябре сдало объект. Главный врач Мартукской районной больницы Нурсейит Кишкентаев рассказал, что в новом медицинском учреждении работают фельдшер и санитарка. Здесь открыты приемное отделение, процедурная, фильтр и физиотерапевтический кабинет. Медпункт рассчитан на 20 посещений в день. В этом году новый медпункт был открыт также в селе Аккайын и в будущем такое же медучреждение планируют открыть в Сарыжаре.
«Открытие нового медпункта в Байторысае, где проживает 413 человек, стало важным событием для жителей, так как ранее существовавшее медицинское учреждение не соответствовало современным стандартам. Теперь сельчане, включая школьников, пенсионеров, беременных женщин и маленьких детей, смогут получать качественную медицинскую помощь рядом с домом. Ежегодно в селе рождается по 7–8 детей, и новый медпункт позволит обеспечить своевременную медицинскую поддержку каждой семье»,- отметил Нурсейит Кишкентаев. Фельдшером в медпункте работает Дастан Альжан. После окончания в 2005 году медколледжа молодой специалист приехал в Мартукский район. Около десяти лет проработал в Мартукской райбольнице, потом в других селах. Сейчас возглавил медпункт в Байторысае.«Сегодня в селах проводят флюрографию и разные виды скрининга. Спектр медицинского обследования населения расширен. На месте оказывается вся необходимая помощь беременным женщинам, маленьким детям. Для медучреждений закупается современное оборудование. Все это существенно облегчает доступ сельчан к медицинской помощи и укрепляет здоровье населения»,- говорит Дастан Альжан. Аким области оценил качество построенного объекта, отметив, что открытие таких медпунктов играет важную роль в улучшении медицинской инфраструктуры в сельской местности.
«Строительство медицинского пункта в Байторысае велось в рамках национального проекта «Модернизация здравоохранения на селе», инициированного Президентом Казахстана. Эта программа по повышению качества жизни сельских жителей. В ее рамках по области было открыто 11 медпунктов. В течение трех следующих лет мы планируем построить еще 21 медпункт в селах. Сегодня медицинские учреждения в районе оснащены современным оборудованием: для них закуплены инкубаторы для новорожденных, кардиотокографы, лапароскопические аппараты, кольпоскопы и многое другое. В этом году приобретено два медицинских автомобиля для обеспечения выездных услуг. Развитие здравоохранения идет рука об руку с улучшением инфраструктуры села: решаются вопросы с дорогами и газоснабжением, создаются условия, которые делают жизнь в сельской местности комфортной»,- подчеркнул глава региона. Аким также отметил, что решается вопрос дефицита медицинских кадров на селе. В поддержку молодым специалистам предусмотрены грантовые программы для обучения и повышения их квалификации.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi