В «Өнер орталығы» состоялась церемония награждения победителей V Всемирных игр кочевников, прошедших в Астане

Көшпенділер ойындарының жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді «Өнер» орталығында Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлеріне облыстық әкімдік тарапынан құрмет көрсетіліп, сый-сияпат табысталды.  Әуелі V Дүниежүзілік ойындардың ұйымдастыру комитетінің Ақтөбе облысы делегациясына жолдаған Алғыс хаты үлкен экраннан көрсетілді. Одан соң сахнаға шыққан облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан:— Көшпенділер ойындары төрткүл дүние көз тіккен дүбірлі дода болды. Түркі жұртының ортақ мәдениетін біріктірген көшпелі халықтардың  ұлттық ойындарына қаншама елдің ынтызар болғанына куә болдық. Әлемге халқымыздың тұнып тұрған өнері мен мәдениетін, спортта да сан түрлі ұлттық ойындарымыз барын дәлелдедік. Өн бойымызды «мен қазақпын» деген мақтаныш кернеді. Көшпенділер ойындарына 89 мемлекеттен екі жарым мыңға жуық спортшы қатысты. Қазақстан жарыс нәтижесінде 43 алтын, 34 күміс, 37 қола медаль иеленіп, жалпы командалық есепте топ жарды. Айтулы додада облыстың атынан қатысқан 6 жерлесіміз ел қоржынына 6 жүлде салды. Көшпенділер ойындарында қазақ халқының мәдениеті бағдарламасы ұсынылды. Бұл іс-шараның шымылдығын ашу ақтөбелік өнерпаздарға бұйырды. Мұны ұйымдастырушылардың ақтөбеліктерге деген үлкен сенімі деп қабыл алдық. Дүниежүзілік доданы қорытындылауды да біздің тізгінімізге беру Ақтөбе мәдениетінің жоғары деңгейде дамып, қарыштап келе жатқандығын көрсетіп отыр. Дарынды ұлымыз Димаш Құдайберген осы күндері Астанада концерт қойды. Екі күн бойы астаналықтар мен ел өңірлерінен және шетелден келген қонақтар Димаштың әнімен тербелді. 30 мыңға жуық көрермен ұлымыздың, ұлтымыздың талантына бас иді,— деді. Одан соң Жолдас Батырхан ұлттық ойындарымызды дәріптеп жүрген жүлдегерлер мен жорықшыларға облыс әкімінің Алғыс хаты мен ақшалай сыйлықтардың сертификаттарын табыстады. Еске салсақ, биыл ғана көшпенділер ойындары бағдарламасына енген қазақ күресінен Назерке Азаматова, Бақыт Құсақбаева, тоғызқұмалақтан құрама спортшысы Мөлдір Серікқызы алтын жүлдеге ие болды. Өзбек халқының ойыны — күраштан жерлестеріміз Әділет Шалғынбекұлы күміс, Бекнұр Бектай қола жүлде иеленді. Түрік халқының зияткерлік ойыны — мангаладан Азамат Хайдар үшінші орын алды. Қалың қазақтың көзайымына айналып үлгерген, әлемдегі тұңғыш ат марафоны — «Ұлы дала жорығы» бәйгесінде Ақтөбе облысының командасы үштікті түйіндеген болатын. Марапаттау рәсімінен кейін Ақтөбе жұртшылығына Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары дайындаған «Сәлем, Астана» атты концерттік бағдарлама ұсынылды. Бұл концертпен ақтөбелік өнерпаздар Астанадағы Дүниежүзілік ойындарының мәдени бағдарламасын ашқан болатын.  Осы іс-шарадан соң облыстық әкімдікте «Бірлік керуені» жобасы аясында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына елші болып барған 10 ақтөбелікке ұйымдастыру комитетінің Алғыс хаты мен кәдесыйлары табысталды.

Чествовали призеров игр кочевников В «Өнер орталығы» состоялась церемония награждения победителей V Всемирных игр кочевников, прошедших в Астане. От областного акимата им вручили подарки. Сначала на большом экране было показано благодарственное письмо, направленное оргкомитетом V Всемирных игр делегации Актюбинской области. После этого на сцену вышел заместитель акима области Жолдас Батырхан:- Игры кочевников представляли собой захватывающее зрелище, за которым следил весь мир. Мы стали свидетелями того, как многие страны проявили интерес к национальным играм кочевых народов, объединяющим культуру тюркских народов. Мы показали всему миру богатство искусства и культуры нашего народа, продемонстрировав множество национальных спортивных игр. С гордостью можем сказать: «Я казах». В Играх кочевников приняли участие около двух с половиной тысяч спортсменов из 89 стран. По итогам соревнований Казахстан завоевал 43 золотые, 34 серебряные и 37 бронзовых медалей, заняв первое место в общекомандном зачете. Шестеро соотечественников, представлявших наш регион на этом знаменитом конкурсе, также завоевали шесть призовых мест. На Играх кочевников была представлена культурная программа казахского народа, и открыли это мероприятие артисты из Актобе. Мы восприняли это как огромную уверенность организаторов в нашем городе. Подведение итогов мирового конкурса показывает, что культура Актобе развивается и растет на высоком уровне. В эти дни наш талантливый земляк Димаш Кудайберген давал концерт в Астане. На протяжении двух дней его выступлением смогли насладиться жители столицы и гости из разных регионов страны и зарубежья. Около 30 тысяч зрителей пришли поклониться таланту нашего сына и нашего народа, - сказал Жолдас Батырхан. После поздравительной речи заместитель акима области вручил победителям игр и марафонцам благодарственные письма акима области и денежные сертификаты. Напомним, золотые медали завоевали в казакша курес Назерке Азаматова и Бахыт Кусакбаева, в тогызкумалаке - Молдир Сериккызы. Эти виды национальных игр вошли в программу Всемирных игр кочевников. В узбекской народной игре кураш наши соотечественники Адилет Шалгынбекулы завоевали серебро, а Бекнур Бектай - бронзу. В интеллектуальной турецкой игре мангаладан Азамат Хайдар занял третье место. В тройке лучших оказалась команда Актюбинской области в первом в мире конном марафоне – «Ұлы дала жорығы», так полюбившимся казахстанцам. Помимо этого, десяти актюбинцам, отправившимся в качестве послов на V Всемирные игры кочевников в рамках проекта «Караван Единства», были вручены благодарственные письма и сувениры от оргкомитета.  По завершении церемонии награждения актюбинцам была представлена концертная программа «Салем, Астана», подготовленная творческими коллективами областной филармонии имени Г. Жубановой. Этим же концертом актюбинские артисты открыли культурную программу Всемирных игр в столице.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 228
Категория: 
�����