В пострадавшем от паводка селе Кумсай жители получили ключи от новых домов

Су тасқынынан зардап шеккен Құмсай ауылында тұрғындар жаңа үйлердің кілттерін алды  Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары жалғасуда. Бүгін Темір ауданының Құмсай ауылындағы 21 отбасы жаңа баспаналарына көшті. Үш бөлмелі, ауданы 80 шаршы метрді құрайтын үйлер тұрғындардың ортақ шешімімен ауылдың биік жерінен салынды. Баспаналардың кілтін салтанатты түрде табыстау рәсіміне облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев, мердігер компания өкілдері қатысып, құмсайлықтарды қоныстойларымен құттықтады. Әр жаңа қоныс иесіне тұрмыстық техникалар тарту етілді.

«Кешегі көктемгі су тасқыны кезінде осы ауылға келгенімізде, халықтың көңіліндегі кірбіңімен жанайқайын көрген едік. Қаншама тұрғын баспанасыз қалды. Осындай жағдай еліміздің аймақтарында да болды. Сол кезде Мемлекет басшысы, облыс әкімі, аудан әкімі халықтың ортасында бола білді. Халықтың көкейінде «Біз не істейміз, қайда барамыз, болашағым не болады деген» үлкен сұрақ болғаны рас. Қазір, міне, қуанышты күнге жетіп, жаңа тұрғын үйге көшіп жатырсыздар. Қуаныштарыңыз құтты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болсын»,- деді жерлестерін құттықтай келген облыстық мәслихат депутаты Боран Ізбасов.

В пострадавшем от паводка селе Кумсай жители получили ключи от новых домов  По поручению Главы государства в Актюбинской области продолжается работа по обеспечению жильем людей, пострадавших от паводка. Сегодня 21 семья в селе Кумсай Темирского района переехала в свои новые дома. Трехкомнатные дома площадью 80 квадратных метров были построены на возвышенности села. Место строительства определили сами жители.  Депутаты областного и районного маслихатов, аким Темирского района Саламат Аманбаев, представители компании-подрядчика приняли участие в торжественной церемонии вручения ключей и поздравили кумсайцев с новосельем. Каждому из них подарили на новоселье бытовую технику.

«Когда мы в первый раз приехали в это село сразу после паводка, мы увидели отчаяние и страх в глазах людей. Сколько жителей осталось без крова. Аналогичная ситуация произошла и в других регионах страны. В это время среди народа находились Глава государства, акимы областей, акимы районов. Людей волновал вопрос: «Что нам делать и куда идти?» И вот настал счастливый день: вы переезжаете в новые дома. Пусть в ваших домах будет только радость»,- сказал депутат областного маслихата Боран Избасов, приехавший поздравить сельчан со знаменательным днем.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 127
Категория: 
�����