Ақтөбеде «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы аясында агрессорлармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдері талқыланды
2025 жылғы 21-23 сәуір аралығында Ақтөбе қаласында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өтті.
Іс-шаралар Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы неміс қорының және «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ қолдауымен ұйымдастырылды. Оған ҚР ІІМ ӘПК Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басқармасының бастығы полиция подполковнигі А. Серікбаева қатысты.
Сапар аясында агрессорлармен жұмыс мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Талқылауға әкімнің гендерлік саясат мәселелері жөніндегі кеңесшісі, әкімдік жанындағы Әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшелері, прокуратура, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, медициналық мекемелердің психологтары, жергілікті полиция қызметінің басшылығы, ОТЗЗҚ-мен күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшенің қызметкерлері, сондай-ақ ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері қатысты.
Қатысушылар агрессорларды тиімді оңалту, жеке көзқарастың қажеттілігі және жеке ерекшеліктерін ескере отырып психологиялық көмек бағдарламаларын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Күннің екінші жартысында ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының базасында институт бастығының төрағалығымен ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті. ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің тапсырысы бойынша институттың ғылыми әзірлемелері таныстырылды, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы және алдын алу саласындағы одан әрі зерттеулер үшін басым бағыттар айқындалды.
Ақтөбедегі іс-шаралар ҚР ІІМ-нің «Полиция Заң мен тәртіп күзетінде» Құқық бұзушылық профилактикасы жылы аясындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ отбасындағы зорлық-зомбылықтың қайталанған актілерінің алдын алуға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігіне айналды.
Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі
В рамках акции «Казахстан без насилия в семье» в Актобе обсудили новые подходы к работе с агрессорами
С 21 по 23 апреля 2025 года в городе Актобе прошли мероприятия, направленные на повышение эффективности межведомственного взаимодействия в сфере профилактики семейно-бытового насилия.
Мероприятия были организованы при поддержке немецкого Фонда Фридриха Эберта в Казахстане и ОЮЛ «Союз кризисных центров Казахстана». В них приняла участие начальник управления по борьбе с семейно-бытовым насилием МВД РК подполковник полиции Серикбаева А.
В рамках визита состоялся круглый стол с участием межведомственной рабочей группы по вопросам работы с агрессорами. В обсуждении приняли участие советник акима по вопросам гендерной политики, члены комиссии по делам женщин при акимате, представители прокуратуры, заинтересованных государственных органов, психологи медицинских учреждений, руководство местной полицейской службы, сотрудники специализированных подразделений по борьбе с СБН, а также представители Актюбинского юридического института МВД РК и научного сообщества.
Особое внимание участники уделили вопросам эффективной реабилитации агрессоров, необходимости индивидуального подхода и формирования программ психологической помощи с учётом личностных особенностей.
На второй половине дня на базе Актюбинского юридического института МВД РК состоялся научно-практический круглый стол под председательством начальника института. Были презентованы научные разработки института по заказу Комитета административной полиции МВД, а также определены приоритетные направления для дальнейших исследований в сфере предупреждения и профилактики бытового насилия.
Мероприятия в Актобе стали частью системной работы МВД РК в рамках Года профилактики правонарушений: «Полиция на страже Закона и порядка» и направлены на совершенствование механизмов помощи пострадавшим, а также предупреждение повторных актов насилия в семье.
Пресс-служба МВД Республики Казахстан
Источник.https://www.instagram.com/polisia_aqtobe/reel/DI1El1asOba/