В рамках акции «Туған жерге тағзым» в Карабутаке был разбит Центральный парк имени Алиби Койлыбаева

Ауданда абаттандыру жұмыстарына көп көңіл бөлінген. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Қарабұтақта Әліби Қойлыбаев атындағы орталық саябақ салынды. 2018 жылдан бастап меценат Қайрат Қойлыбаев оны дамытуға жыл сайын өз қаражатын салуда. Инвестициялардың жалпы көлемі 40 млн теңгені құрады. Саябақта ойын және спорт алаңдары, концерттік сахна, ағаштарды суаруға арналған ұңғыма бұрғыланды, жарықтандыру ұйымдастырылды. Енді кәсіпкер ауылда воркаут пен ойын алаңдарын орнатуды жоспарлап отыр. Биыл тағы бір кәсіпкер Жасталап Жанбауов жалпы сомасы 20 млн теңгеге гүлзарды жабдықтауға ниетті.    Басқа жоспарлар қатарында АГҚС, ЖҚС, қонақ үй, екі кемпинг салу, сондай - ақ Сәтпаев, Жамбыл және Ж.Есентеміров көшелерін орташа жөндеу бар. «Қазпошта» ғимаратын Өнер мектебі ретінде қайта жаңарту жоспарда. Белқопа мектебіне жапсарлас акт залы, спортзал мен шеберхана салу бойынша жобалар әзірленіп жатыр, сондай-ақ, аталған ауылда су құбырының құрылысы аяқталуда, бұл округті орталықтандырылған сумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жарөткел ауылында да құрылыс қарқын алмақ. Мұнда жаңа 60 орындық мектептің құрылысы қолға алынады.    Округте әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Мұнда амбулатория, медпункт, 5 мектеп, спорттық ангар, 170 орындық ауылдық клуб, кітап қоры 68 мың данадан асатын кітапхана, сондай-ақ "Жастар" стадионы, шағын футбол алаңы және хоккей корттары жұмыс істейді. Жергілікті тұрғындар облыс әкімімен кездесуде өнер мектебіне жаңа ғимарат салуды сұрады. Ескі ғимарат шығармашылық үйірмелерге барғысы келетіндер үшін тарлық етіп отыр.     

Большое внимание в округе уделяется благоустройству. В рамках акции «Туған жерге тағзым» в Карабутаке был разбит Центральный парк имени Алиби Койлыбаева. С 2018 года меценат Кайрат Койлыбаев ежегодно вкладывает собственные средства в его развитие. Общий объем инвестиций составил 40 млн тенге. В парке есть игровые и спортивные площадки, концертная сцена, пробурена скважина для полива деревьев, организовано освещение. Теперь он планирует установить еще воркаут и детскую площадки в селе. В этом году еще один предприниматель Жасталап Жанбауов намерен обустроить сквер на сумму 20 млн тенге.    Среди других планов - строительство АГЗС, АЗС, гостиницы, двух кемпингов, а также средний ремонт улиц Сатпаева, Жамбыла и Ж. Есентемирова. Здание «Казпочты» планируется реконструировать под Школу искусств. Разрабатываются проекты по строительству актового зала, спортивного зала и мастерской, прилегающих к школе в селе Белкопа. Также в этом селе завершается строительство водопровода, что позволит полностью обеспечить округ централизованным водоснабжением. В селе Жароткел готовятся к строительству новой школы на 60 мест.    Особое внимание в округе уделяется развитию социальной инфраструктуры. Здесь функционирует амбулатория, медпункт, 5 школ, спортивный ангар, сельский клуб на 170 мест, библиотека с книжным фондом более 68 тысяч экземпляров, а также стадион «Жастык», мини-футбольное поле и хоккейные корты. Местные жители на встрече с акимом области попросили построить новое здание для школы искусств. Старое не вмещает всех желающих ходить на творческие кружки.  

Источник.@emergovkz

Просмотров: 77
Категория: 
АктобеИнфо