Сапар аясында вице-премьер облыс аудандары мен ауылдарының әкімдерімен кеңес өткізді. Тамара Дүйсенова ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу қажеттілігіне ерекше назар аударды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа құрал – тауарлық несиелеу енгізілуде. Ақтөбе облысында бұл әдісті тараптарды сақтандыру арқылы сүйемелдеу туралы шешім қабылданды. Осылайша, несие беруші үшін де, оны алушы үшін де тәуекел алынып тасталады. Осылайша 100-ден астам ірі қара мен 4,5 мың қой сатып алуға ақшалай қаражат берілді. Тамара Дүйсенова аталған тәжірибені кеңінен қолдануға шақырды. Жиында басқа облыстардың да кейстері ұсынылды. Мәселен, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында өңір әкімдігі мен «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В» компаниясы арасында жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімдерін пайдалану туралы меморандумға қол қойылған еді. Облыс әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов алғашқы нәтижелермен бөлісті. Оның сөзінше, компания 500 келіден астам сары май мен 170 мың жұмыртқа сатып алған. Ет өнімдерін жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Біздің міндетіміз – ауыл тұрғындарының табысын арттыру. Несиелік қаражатқа өз ісін ашқандар үшін өнімді сату мәселесі маңызды. Батыс Қазақстан облысының тәжірибесін басқа аймақтарда да қолдануға болады. Бұл барлық тарапқа тиімді. Компания таза әрі сапалы өнім сатып алады, ауыл тұрғындары өнімін өткізу мәселесіне алаңдамайды»,— деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
В рамках рабочей поездки Тамара Дуйсенова провела совещание с акимами районов и сел области. В ходе диалога она обратила особое внимание на необходимость переработки сельхозпродукции. По поручению Главы государства внедряется новый инструмент – товарное кредитование. В Актюбинской области данный метод решили сопроводить страхованием сторон. Тем самым исключается риск как для предоставителя кредита, так и для его получателя. Таким способом выданы денежные средства на покупку более 100 голов КРС и 4,5 тыс. овец. Тамара Дуйсенова призвала расширить данный опыт работы. В ходе совещания также были затронуты вопросы развития АПК и других регионов. К примеру, ранее в Западно-Казахстанской области между акиматом региона и компанией «Karachaganak Petroleum Operating B.V.» заключен меморандум об использовании товаров местных сельхозтоваропроизводителей. Первыми результатами этой работы поделился советник акима области Алдияр Халелов. По его данным, компания уже закупила более 500 кг сливочного масла и 170 тыс. яиц. Ведется работа по поставке мясной продукции.
«Наша задача – повышение доходов сельчан. Для тех, кто открыл свое дело на кредитные средства, очень важен вопрос реализации продукции. Опыт Западно-Казахстанской области можно масштабировать в другие регионы. Это выгодно для всех сторон. Компания будет закупать свежий и качественный продукт, а сельчане могут не беспокоиться за реализацию»,— отметила Тамара Дуйсенова.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi