В рамках рабочей поездки в Актюбинскую область Премьер-Министр Олжас Бектенов ознакомился с производственными мощностями ряда промышленных предприятий

Өнеркәсіп, логистика және АӨК: Олжас Бектенов Ақтөбе облысының дамуы барысымен танысты  Премьер-Министр Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өнеркәсіптік бірқатар кәсіпорынның өндірістік қуатымен танысып, олардың мысалында отандық бизнесті қолдау шараларының тиімділігін және Жолдауда Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің жүзеге асырылу барысын тексерді.  Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, көлік-логистика саласы мен АӨК назарға алынды.  Олжас Бектенов Ақтөбе рельс-арқалық зауытының өндірістік қуатымен танысты. Кәсіпорын жылына 430 мың тоннаға дейін: темір жол рельстері мен пішінді илек өнімдерінің кең номенклатурасы мен арнайы профильдер және басқа да өнімдер шығарады. Зауытта рельстерді термоберіктеудің жоғары сапасын қамтамасыз ететін инновациялық технология қолданылады. Өндірілген өнім еліміздің темір жол құрылысында пайдаланылады, сондай-ақ Түркия, ТМД елдері, Эстония, Латвияға экспортталады.  Мұнда Ақтөбе облысындағы өнеркәсіптің дамуы мен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы баяндалды. Жалпы, биылғы 8 айда өңірдің өнеркәсіп көлемі 6,9%-ға өсіп, 1,7 трлн теңгеге дейін; өңдеу өнеркәсібі – 15%-ға, 699,2 млрд теңгеге дейін өсті. Өңірлік пулға бүгінде ТКМ, құрылыс индустриясы, энергетика, мұнай-газ химиясы сияқты және басқа да салаларда құны 3,9 трлн теңгені құрайтын 65 инвестициялық жоба кіреді. Оларды іске қосу 15 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Олжас Бектенов отандық кәсіпорындарды қолдау – Үкіметтің басым міндеті екенін атап өтті. Қолдау шаралары көрсетіледі, сонымен бірге импортты алмастыруға әсер ететін сапалы әрі қолжетімді тауарлар түріндегі нәтижелер қажет. Премьер-Министр Ақтөбе ферроқорытпа зауытындөндіріс барысымен танысты. Жобалық қуаты жылына 740 мың тоннадан асатын зауытта қож өңдеу цехы, тау-кен байыту және басқа да қосалқы нысандар жұмыс істейді. Өндірілетін феррохром, ферросилиций және басқа қорытпалар аса берік болат өндіруде, шойынды легирлеуде, сондай-ақ металлургияның басқа да бағыттарында пайдаланылады. Зауытта 4060 жұмыс орны ашылды. Көлемді одан әрі ұлғайту мақсатында балқыту пештерінің қуаты 300 мыңнан 700 мың тоннаға дейін арттырылды.  Олжас Бектенов инновациялық технологияларды енгізудің маңызды екенін атап өтті, бұл жоғары деңгейде өңделген өнімнің сапасын арттырып қана қоймай, сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздік, экология мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша отандық бизнеске қажетті қолдау көрсетілуде. Алып кәсіпорындардың өндіріс көлемінің өсуі өз кезегінде аралас салалардың дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашуға, адамдардың өмір сүру сапасын одан әрі жақсартуға серпін береді.

Промышленность, логистика и АПК: Олжас Бектенов ознакомился с развитием Актюбинской области  В рамках рабочей поездки в Актюбинскую область Премьер-Министр Олжас Бектенов ознакомился с производственными мощностями ряда промышленных предприятий, на примере которых проверил эффективность мер по поддержке отечественного бизнеса и ход реализации задач, поставленных Главой государства в Послании.  В частности, внимание уделено обрабатывающей промышленности, транспортно-логистической отрасли и АПК.  Руководитель Правительства ознакомился с производственными мощностями Актюбинского рельсобалочного завода. Предприятие выпускает до 430 тыс. тонн продукции в год: это железнодорожные рельсы, широкая номенклатура фасонного проката, спецпрофили и др. На заводе применяется инновационная технология по термоупрочнению рельсов, что обеспечивает их высокое качество. Выпускаемую продукцию используют при строительстве железнодорожных путей в стране, а также экспортируют в Турцию, страны СНГ, Эстонию, Латвию.  Здесь же было доложено о развитии промышленности Актюбинской области и реализации инвестиционных проектов. В целом, объем промышленности региона за 8 месяцев т.г. вырос на 6,9%, до 1,7 трлн тенге; обрабатывающей – на 15% до 699,2 млрд тенге. В региональном пуле сейчас 65 инвестиционных проектов на 3,9 трлн тенге в таких отраслях, как ГМК, строительная индустрия, энергетика, нефтегазохимия и др. Их запуск обеспечит рабочими местами более 15 тыс. человек. Олжас Бектенов отметил, что поддержка отечественных предприятий является приоритетной задачей Правительства. Меры поддержки будут оказываться, в то же время нужны результаты в виде качественных и доступных товаров, влияющих на импортозамещение. В ходе посещения Актюбинского завода ферросплавов Премьер-Министр осмотрел производственный процесс. На заводе проектной мощностью более 740 тыс. тонн продукции в год действуют цех по переработке шлаков, горно-обогатительные и другие вспомогательные объекты. Выпускаемые феррохром, ферросилиций и другие сплавы используются при производстве особо прочной стали, легировании чугуна, а также в иных направлениях металлургии. На заводе создано 4060 рабочих мест. В целях дальнейшего наращивания объемов увеличены мощности плавильных печей с 300 тыс. до 700 тыс. тонн.  Олжас Бектенов подчеркнул важность внедрения инновационных технологий, что позволит не только обеспечить улучшение качества выпускаемой продукции высоких переделов, но и решать вопросы промышленной безопасности, экологии. По поручению Главы государства отечественному бизнесу оказывается необходимая поддержка. В свою очередь рост объемов производства предприятий-гигантов дает импульс развитию смежных отраслей, созданию новых рабочих мест, дальнейшему повышению качества жизни людей.

Источник.http://https://t.me/KZgovernment

 

Просмотров: 106
Категория: 
�����