В региональный кадровый резерв отобрано 25 молодых специалистов

Өңірлік кадр резервіне 25 жас маман іріктелді.  Бүгінгі таңда республика деңгейінде және облыс деңгейінде жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Сол жұмыстардың жалғасы ретінде биыл алғаш рет өткізілген Өңірлік кадр резервіне іріктеуді айтуға болады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Шілманов Өңірлік кадр резервіне іріктеудің қорытындысымен бөлісті.

«Биыл 1 наурызынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталған болатын. Облыс аумағында Өңірлік кадр резервіне іріктеу 6 салалық бағыт бойынша жүзеге асырылды. Олар: индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, сондай-ақ, цифрландыру»- деді департамент басшысы.  Облыс бойынша аталған іріктеуге қатысуға 524 азамат ниет білдіріп, арнайы сайтқа тіркелген. Кандидаттар бірнеше кезең бойынша сынақтардан өтіп, жинаған ұпай сандары бойынша іріктелді. Нәтижесінде өңірлік резервке 25 адам іріктеліп алынды. Іріктеу ашық және әділ өтті. Өңірлік резервке алынған азаматтар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардағы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстық іріктеу өткізілместен орналаса алады. Резервте болу мерзімі – 2 жыл.

В региональный кадровый резерв отобрано 25 молодых специалистов Сегодня на уровне республики и области активно ведется работа по привлечению молодых специалистов на государственную службу. В том числе, впервые в этом году проведен отбор в региональный кадровый резерв. О результатах на пресс-конференции в Региональной службе коммуникаций рассказал руководитель департамента по делам государственной службы по Актюбинской области Айбек Шилманов.

«С 1 марта текущего года во всех регионах страны, городах республиканского значения и столице стартовал отбор в региональные кадровые резервы. Отбор в региональный кадровый резерв на территории области осуществлялся по 6 отраслевым направлениям - индустрия и промышленность, экономика и финансы, социальная сфера, жилищно-коммунальное хозяйство и инфраструктура, агропромышленный комплекс и земельные отношения, а также цифровизация»,- отметил глава департамента.  В нашей области 524 человека изъявили желание принять участие в данном отборе. Кандидаты прошли испытания в несколько этапов, по итогам котороых им присваивались баллы. В результате в региональный резерв было отобрано 25 человек. Граждане, зачисленные в региональный резерв, могут занимать административные государственные должности корпуса "Б" в местных исполнительных органах без проведения конкурсных процедур, за исключением выборных должностей. Срок пребывания в резерве - 2 года.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 200
Категория: 
�����