Алтынды ауылында жаңа мектеп ашылды Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылдық округіне қарасты Алтынды ауылында 60 орындық жаңа мектеп ашылды. Мектептің ашылу салтанатына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан, Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов және ауыл тұрғындары қатысты.
«Ұлттық мереке – Республика күні мерекесі қарсаңында Мұғалжар ауданы Алтынды ауылында жаңа мектеп пайдалануға беріліп отыр. Бұл ауыл тұрғындары мен ата-аналар және оқушылар үшін үлкен қуаныш. Осы білім ордасынан білімді оқушылар шығады деген сенімдемін»,- деді облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан. Алтынды жалпы білім беретін орта мектебінде 23 мұғалім қызмет атқарып, 128 оқушы білім алады. Жаңа білім ошағы заманауи талаптарға сай, 60 орындық. Мектепте химия, биология, физика, көркем еңбек пәндеріне арналған 10 кабинет пен заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған зертханалар оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кең, жайлы спорт залы мен асханасы бар. Мектеп ауласында спорттық ойындарға арналған екі алаң салынған, бұл оқушылардың дамуына және белсенді өмір салтын ұстануына ықпал етеді. Еске сала кетейік, мектептің құрылыс жұмыстарын «Техно-С ЖШС-і жүргізді.
В селе Алтынды открыли новую школу В селе Алтынды Кайындинского сельского округа Мугалжарского района открылась новая школа на 60 мест. На церемонии открытия школы присутствовали заместитель акима Актюбинской области Жолдас Батырхан, аким Мугалжарского района Дархан Ермаганбетов, а также жители села.
«В преддверии национального праздника — Дня Республики — в селе Алтынды Мугалжарского района была введена в эксплуатацию новая школа. Это большая радость для местных жителей, в особенности для учащихся и их родителей. Уверен, что из этой школы выйдут очень грамотные ученики», — сказал заместитель акима области Жолдас Батырхан. В новой школе села Алтынды работают 23 учителя и обучаются 128 учеников. Учебное учреждение соответствует современным требованиям и рассчитано на 60 мест. В школе есть 10 предметных кабинетов по химии, биологии, физике и художественному труду, а также лаборатории, оснащенные современным оборудованием, что позволит ученикам получать качественное образование. Также здесь есть просторный и уютный спортивный зал и столовая. На школьной территории построены две площадки для спортивных игр, что способствует развитию учеников и поддержанию активного образа жизни. Напомним, строило школу ТОО «Техно-С».
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi