В селе Кенкияк Темирского района проводится большая работа по благоустройству улиц.

14 көше жөнделіп, 17 көшеге жарық шамдары орнатылды  Темір ауданының Кеңқияқ ауылында халықтың тұрмысын жақсартатын ауқымды жұмыс атқарылуда.  Бір жылдың ішінде елді мекендегі 14 көшеге асфальт жабындысы төселген. Бүгінгі күні Құрманғазы, Смағұлов, Балуанов, Алтынсарин, Қазақ мұнайына 100 жыл, А.Құнанбаев, Қ.Балуанов, Сәңкібай ата, Мұнайшылар, Ә.Молдағұлова, Н.Байғанин, Қ.Сағырбайұлы, Парк, Корпус көшелері жаңа кейіпке енді. «DEN-Group» ЖШС салып жатқан жолдар 13 шақырымға жуықтайды. Мердігер компания алдағы уақытта тағы 4 көшеге жол төсейді.  Барлық тасжолға жаяу жүргіншілер жолы, жасанды кедергілер салынып, жол қозғалысы белгілері қойылады, 15 арнайы бейнебақылау камерасын орнатуға жолшылар міндетті.   Сондай-ақ, соңғы бір жылда 17 көшеге 247 шам қойылды. Биыл көшелер мен көпқабатты үйлердің аулаларын жарықтандыруды жалғаса бермек.   Кеңқияқ әкімі Қуанышбек Серікжановтің мәліметінше, Сазды-2 ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600 орындық мектеп құрылысы жүргізілсе, Сазды-3 ауданына инфрақұрылым тарту жұмыстары жалғасады. Бұдан бөлек, спорттық-сауықтыру кешенін қайта жөндеу басталады. Және ауған соғысы ардагерлеріне арналған сквер салынады.    Тұрғындар да көптен күткен «Ақтөбе-Кеңкияқ-Ақтөбе» бағытындағы автобустар жақын күндері іске қосылады. 50 орындық комфортты автобустар жолаушыларға қызмет көрсетеді деп күтілуде.

Отремонтировано 14 улиц и установлено 17 фонарей    В селе Кенкияк Темирского района проводится большая работа по благоустройству улиц.    За год в селе было заасфальтировано 14 улиц. Это улицы Курмангазы, Смагулова, Балуанова, Алтынсарина, Қазақ мұнайына 100 жыл, А. Кунанбаева, К. Балуанова, Санкибай ата, Нефтяников, А. Молдагуловой, Н. Байганина, К. Сагырбайулы, Парковая, Корпус, которые благодаря ремонту приобрели новый облик. Компания ТОО «DEN-Group» сейчас приводит в порядок дорогу протяженностью около 13 километров. В дальнейшем заасфальтирует еще 4 улицы.    Вместе с ремонтом дорог прокладывают тротуар, размещают искусственные барьеры, дорожные знаки, наносят пешеходную разметку. Также установят 15 камер видеонаблюдения.   В прошлом году на 17 улицах было установлено 247 фонарей. В этом году улицы и дворы многоэтажных домов продолжат освещать.   По словам акима Кенкияка Куанышбека Серикжанова, в районе Сазды-2 в рамках Национального проекта «Комфортная школа» будет построена школа на 600 мест, а в районе Сазды-3 продолжатся инфраструктурные работы. Кроме того, начнется реконструкция спортивно-оздоровительного комплекса. Еще построят сквер, посвященный ветеранам Афганской войны.  Долгожданный автобусный маршрут «Актобе-Кенкияк-Актобе» запустят в ближайшие дни. В рейс выйдут комфортабельные автобусы на 50 мест.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 147
Категория: 
�����