Су тасқыны: Ақтөбенің Нұра ауылындағы мектепті кәсіпкер өз қаржысына салып жатыр Ырғыз ауданы Нұра ауылындағы 60 орындық мектеп кәсіпкердің өз қаржысына салынып жатыр. Кейін бағалау комиссиясы қорытынды шығарып, Ырғыз аудандық әкімдігі білім ордасын сатып алады. Ырғыз ауданының әкімі мен «Қуанышбек» ЖШС ықтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Кейін Нұра ауылында 60 орындық құрылыс жұмысы басталды.
«Ақтөбе облысының әкімі Ырғыз ауданына келгенде жиналыс өтті. Сол кезде мектеп құрылысы, оны уақытылы тапсыру қиынға соғатыны туралы айтылды. Біз «егер біз өз қаржымызға салсақ, кейін сатып алса» деген ұсынысымызды айттық. Бұл уақыт ұттырмай, тез жұмысқа кірісу амалы. Яғни, құрылыс аяқталады, сол кезде бағалау жүреді. Кейін сол ақшаға сатып алады. Жобалау-сметалық құжатты өзіміз дайындадық. Келісім бойынша құрылыс құны 505,6 млн теңгеден аспауы тиіс»,- деді Қуанышбек» ЖШС атқарушы директоры Рауан Мадинов. Оның айтуынша, құрылыс материалдарының басым бөлігі Ақтөбе облысы аумағынан тасымалданып жатыр. Іргетасындағы бетон, қабырғасына қажетті кірпіш те Ақтөбеден тасымалданды.
«Арматура, шатыр жабындысы Ақтөбе қаласынан, жылу сақтайтын материал Мұғалжардан алынды. Құрылысты жыл аяғында аяқтағымыз келіп отыр. Тек жол қиындығы бар. Құрылыс материалдарын жеткізу кезінде көліктер жарты жолда батып, әбігерге салып тұр»,- деді Рауан Мадинов. Айта кетейік, Нұра ауылы түгел көшіріліп, Сарыоба жеріне 63 үй салынып жатыр. Құрылысқа барлығы 11 компания жұмылдырылды. Мұнда газ, су, электр желісі тартылды.
В селе Нура Актюбинской области предприниматель строит школу за свой счет Школа на 60 мест в затопленном в паводок селе Нура Иргизского района строится на собственные средства предпринимателя. Позже по заключению оценочной комиссии здание учебного учреждения выкупит акимат Иргизского района. Ранее аким Иргизского района и руководство ТОО «Куанышбек» подписали меморандум о сотрудничестве. После этого в селе Нура начались строительные работы.
«Во время рабочей поездки акима Актюбинской области в Иргизский район состоялось совещание. Именно тогда подняли вопрос строительства школы, но было понятно, что успеть построить ее в срок будет сложно. Мы внесли предложение: построить школу на свои средства, а акимат потом выкупит. Это был действенный способ быстро приступить к работе, не теряя времени. После того, как завершится строительство, произведут оценку объекта. Проектно-сметную документацию мы подготовили самостоятельно. По соглашению стоимость работ не должна превышать 505,6 млн тенге»,- рассказал исполнительный директор ТОО «Куанышбек» Рауан Мадинов. По его словам, большая часть строительных материалов местного производства, то есть с Актюбинской области. Цемент для фундамента и кирпичи также были привезены из Актобе.
«Арматура, кровельное покрытие были доставлены из города Актобе, теплоизоляционные материалы - из Мугалжарского района. Мы хотим завершить строительство до конца года. Но есть проблема с дорогой. Наши машины со стройматериалами застревают на полпути, тем самым создавая нам проблемы»,- говорит Рауан Мадинов. Следует отметить, что дома для жителей из Нуры строятся в месте Сарыоба. Там возводят 63 дома. К строительству было привлечено 11 компаний. К домам уже подведены сети газо-, водо- и электроснабжения.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi