Нұра ауылында тұрғын үйлерді салуға 11 құрылыс компаниясы жауапты Жаңа баспаналар Сарыобадан салынады. Нұралықтар бұл жерді өздері таңдап алған. Олардың пайымынша, мұнда су басу қаупі төмен. Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев Сарыоба бойынша барлық құжат дайын дейді. Елді мекеннің бас жоспары бекітіліпті. Онда медициналық пункт, ауылдық әкімдік ғимараты, мектеп, балабақша сияқты әлеуметтік нысандар мен жаңа үйлердің қалай орналасатыны көрсетілген.
«Нұра елді мекеніне келетін болсақ, біз құрылыс жұмыстарын ертеңгі күннен бастап, мердігер мекемелерді арнайы техникаларымен және жұмысшылармен, құрылыс материалдарымен жөнелткелі отырмыз. ҚР Министрліктері, мемлекеттік органдар және мемлекеттік емес органдардан тиісті құжаттар келді. Сонымен қоса, біз ауылдың бас жоспарын әзірлеу бойынша да жұмыстарды қоса атқардық. Жоспарда әрбір тұрғын үйдің орналасатын орны, қанша үй, қай жерге салынады, сол анықталып, қағаз жүзінде бекітілді. Аталған мәселе бойынша барлық 75 үйді салатын мердігер мекеме дайын. Қазірдің өзінде Ырғыз ауылында үйлерді салып жатқан 11 мердігер мекеме осы Нұра елді мекенінде құрылыс-монтаж жұмыстарын бастайды»,- деді Ержан Мұздыбаев. Сондай-ақ, Сарыобаны инфрақұрылыммен қамту мәселесі толығымен шешілді. Қазіргі таңда жобалаушы мекеме анықталып, жұмыстарды бастап кеткен. Көгілдір отын ауылға Нұраға дейін газ келіп тұрған құбырмен жеткізіледі. Электр қуатымен жабдықтау мәселесі 35 кВт қосалқы станция салумен шешілмек. Ал ауызсу Нұра елді мекеніндегі бұрынғы көтерме сорғы арқылы тартылады.
В селе Нура будут строить жилье 11 строительных компаний Новое жилье для пострадавших от паводка жителей села Нура будет построено в Сарыобе. Сельчане сами выбрали это место. По их мнению, угроза подтопления здесь невелика. Руководитель управления строительства, архитектуры и градостроительства Актюбинской области Ержан Муздыбаев разъясняет, что все документы по Сарыобе уже готовы. Утвержден генеральный план населенного пункта. В нем детально показано, как будут располагаться новые дома и социальные объекты, такие как медицинский пункт, здание сельского акимата, школа, детский сад.
«Что касается села Нура, мы с завтрашнего дня начнем там строительные работы и будем отправлять для помощи подрядным организациям спецтехнику, рабочих, строительные материалы. Соответствующие документы поступили от министерств, государственных органов и негосударственных структур. Кроме того, мы провели работу по разработке генерального плана села. На нем определены места расположения жилых домов, их количество. 75 домов будут строить 11 застройщиков. Эти компании сейчас строят дома в Иргизе, они же начнут строительно-монтажные работы и в Нуре»,- сказал Ержан Муздыбаев. Также решен вопрос обеспечения Сарыобы инфраструктурой. Голубое топливо поставляется по тому же газопроводу, по которому поступает газ до Нуры. Для обеспечения электроснабжением в населенном пункте построят подстанцию на 35 кВт. А питьевая вода будет подаваться через насос.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi