В селе Нура забивают сваи для фундамента жилых домов

Нұра ауылында тұрғын үйлердің қазығы қағылуда  Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев Ырғыз ауданында жұмыс сапарымен болды. Алдымен, ол Ырғыз ауданы орталығында салынып жатқан үйлердің құрылыс барысын бағамдады. Мұнда 50 тұрғын үй бой көтермек.  11 мердігер компания құрылысқа қажетті барлық материал бар деп отыр. Қазіргі таңда кейбір тұрғын үйдің іргетасы құйылса, 3 үйдің қабырғасын қалана бастады.  Асылбек Есенбаев мердігерлерге құрылыс жоспарға сәйкес, уақытылы аяқталу керектігін, эвакуациялық пунктегі тұрғындар жаңа баспаналарын күтіп отырғанын алға тартты. Тұрғын үйлердің құрылысы - облыс басшылығының қатаң бақылауында.   Құрылысшыларға «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының 10 сарбазы көмектесуде. Нұра ауылының тұрғындары үшін салынатын баспаналардың құрылыс жұмыстарына да мердігерлер кірісті. 12 маусым күні тұрғын үйдің іргетасын қазуға техникалар жеткізілді. Ал бүгіннен бастап геодезистер әрбір тұрғын үйдің қазығын қағып жатыр.  Ырғыз ауданында су тасқынынан зардап шеккен 7 отбасы екінші нарықтағы үйге көшсе, 134 отбасы жаңа баспананы күтуде.

В селе Нура забивают сваи для фундамента жилых домов  Заместитель акима Актюбинской области Асылбек Есенбаев посетил с рабочей поездкой Иргизский район. Сначала он оценил ход строительства домов, возводимых в Иргизе. Здесь будет построено 50 жилых домов.  На площадке трудится 11 стройкомпаний. Их представители заверили замакима, что у них нет недостатка в строительных материалах. В настоящее время залиты фундаменты нескольких жилых домов, еще на 3 домах уже поднимают стены.  Асылбек Есенбаев поручил подрядчикам завершить строительство в срок, ведь жители эвакоцентра ждут свое новое жилье. Строительство жилых домов находится под строгим контролем руководства области.  Строителям помогают 10 бойцов молодежного трудового отряда «Жасыл ел». Подрядные организации также приступили к строительству жилья для жителей села Нура. 12 июня была доставлена ​​техника для закладки фундамента будущих домов. И с сегодняшнего дня геодезисты забивают сваи на каждый дом.  В Иргизском районе для 7 семей, пострадавших от наводнения, приобрели дома на вторичном рынке, а 134 семьи будут ждать новое жилье.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 144
Категория: 
�����