Суға түсу маусымының басталуына байланысты полиция қызметкерлері су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Себебі су айдындарындағы салғырттық қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері су қоймаларында парульдеу жұмыстары мен рейдтік шараларды тұрақты түрде жүргізетініне қарамастан, кейбір суға шомылушы ересектер мен ата-аналардың немқұрайдылығының салдары адам өліміне, оның ішінде балалардың өліміне әкеп соқтырған жазатайым оқиғалар алып келуде. Талдау нәтижелері сәйкес, шомылу маусымында мұндай қайғылы жағдайларға көбірек ұшырайтындар, жағажайларда ата-аналардың (ересектердің) қарауынсыз қалған немесе су айдындарына ересектерсіз барған балалар мен алкогольдік мас күйде болатын ересектер.
Суға түсу маусымы басталғаннан бері Ақтөбе облысының аумағында 4 адам, оның ішінде 3 кәмелетке толмаған бала суға бату салдарынан қайтыс болды. Осыған байланысты Ақтөбе облысының полиция департаменті барлық тұрғындар мен ата-аналарға суда шомылу ережелерін қатаң сақтауды сұрайды:
Есірткілік немесе алкогольдік мас күйде суға шомылуға тыйым салынады!
Суға шомылу үшін тек арнайы бөлінген жағажайлар мен орындарды пайдалану қажет!
Суға шомылу кезінде қоршау белгілерінен әрі баруға, тыйым салынған орындарда суға шомылуға болмайды, моторлы қайықтарға жақын жүзіп баруға тыйым салынады!
Ересектердің қадағалаусыз балалардың су айдындарына баруына және шомылуына жол бермеу қажет!
Жүзуге арналмаған заттарды пайдаланып жүзуге тыйым салынады;
Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, суға шомылуды дереу тоқтатыңыз;
Су жағалаулары мен айдындарын ластамаңыз!
В связи с началом купального сезона сотрудники полиции призывают строго соблюдать правила безопасности на водоемах, т.к. небрежность на водоемах может привести к трагедии. Несмотря на то, что спасатели и сотрудники полиции на постоянной основе патрулируют и проводят рейдовые мероприятия на водоемах, последствия халатности некоторых взрослых и родителей приводят к необратимым последствиям, повлекшим гибель людей, в том числе детей.
По результатам проведенного анализа, в купальный сезон к таким трагедиям наиболее подвержены дети, оставшиеся без внимания родителей (взрослых) или находящиеся на пляжах без сопровождения взрослых, а также взрослые, находящиеся в состоянии алкогольного опьянения.
С начала купального сезона на территории Актюбинской области утонули 4 человека, в том числе 3 несовершеннолетних.
В связи с этим Департамент полиции Актюбинской области призывает всех жителей и родителей строго соблюдать следующие правила поведения в водоёмах:
- Купание в состоянии наркотического или алкогольного опьянения запрещено!
- Для купания необходимо использовать только специально отведенные пляжи и места!
- Во время нахождения в воде нельзя уплывать дальше ограждающих знаков, купаться в запрещенных местах, запрещается плавать вблизи моторных лодок!
- Не допускается посещение и нахождение детей на водоемах без присмотра взрослых!
- Запрещается плавать с использованием предметов, не предназначенных для плавания;
- Если вы почувствовали себя плохо, необходимо немедленно выйти из воды;
- Не загрязняйте воду и берега!