«Біздің басты мақсатымыз – облыстағы барлық баланың сапалы білім алуына барынша жағдай жасау. Жаңа мектептерді салу және ескісін жаңғырту бұл жай ғана сандар емес, балалардың оқу жағдайын жақсарту деген сөз. Бала санының өсуіне байланысты жаңа мектептер салу мәселесі - күн тәртібінде. Салынып жатқан құрылыстар кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі. Ақтөбе қаласындағы халық көп шоғырланған ауданда жаңа стандарттарға сай ғимараттар салу қиындық туғызатындықтан, жергілікті атқарушы органдармен жапсарлас нысандар салу қолға алынуда. Апаттық жағдайдағы мектептергк келер болсақ, әр нысанның қызмет ету уақыты әртүрлі екенін есепке алу керек. Соған сай, әр жыл сайын жаңа құрылыстар салу мәселесі туындап отырады»,- дейді Ақтөбе облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Артур Әуезов. Одан бөлек, ҚР Үкіметінің арнайы резерві есебінен су тасқынынан зардап шеккен білім нысандарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Айталық, Мұғалжар ауданы Көтібар ауылында және Ойыл ауданы Қаратал ауылында бөбекжай-балабақша қалпына келтірілуде. Ал Екпетал елдімекені тұрғындарының Ойылға көшірілуіне байланысты 320 орындық мектеп және 150 орындық балабақша құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, Ырғыз ауданы Нұра ауылындағы Т.Жүргенов атындағы орта мектеп апатты деп танылып, оның инфрақұрылымын жеке инвестор есебінен толық жаңартылу көзделген. Және де Нұра ауылының тұрғындары көшірілген Сарыобада жеке инвестор есебінен 60 орындық жаңа мектеп құрылысы басталды. Болашақта бұл ғимаратты мемлекет есебіне өткізу мүмкіндігі қарастырылуда. Бүгінгі күні Ақтөбе облысы - жаңа ғимараттар салу мен жаңғырту бойынша республика бойынша алғашқы орында. Бұл бастамалардың барлығы жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасауға бағытталған.
«Перед нами стоит цель – создать хорошие условия для получения всеми детьми региона качественного образования. И строительство новых школ и модернизация старых решит все поставленные перед нами задачи. В связи с увеличением количества детей школьного возраста на повестке дня стоит вопрос строительства новых учебных учреждений. Строящиеся объекты будут вводиться в эксплуатацию поэтапно. Поскольку в густонаселенном городе Актобе сложно возводить здания по новым стандартам, строительство объектов ведется в тесном сотрудничестве с местными исполнительными органами. Что касается аварийных школ, следует учитывать, что у каждого учреждения разный график работы. Соответственно, с каждым годом возникает вопрос строительства новых зданий», — говорит заместитель руководителя Актюбинского областного управления образования Артур Ауэзов. Кроме того, за счет резервных средств Правительства страны осуществляется реконструкция образовательных объектов, пострадавших от паводка. К примеру, восстанавливаются детсады в селе Котибар Мугалжарского района и в селе Каратал Уилского района. В связи с переселением жителей села Екпетал в Уил там строят школу на 320 мест и детский сад на 150 мест. Также аварийной была признана средняя школа имени Т. Жургенова в селе Нура Иргизского района, ее планировалось отремонтировать за счет средств частного инвестора. А в Сарыобе, куда были переселены жители села Нура, на средства частного инвестора ведется строительство новой школы на 60 мест. В дальнейшем рассматривается возможность передачи этого здания на баланс государства. Сегодня Актюбинская область находится на первом месте в республике по объему строительства и модернизации школ. Все эти инициативы направлены на создание условий для качественного образования молодого поколения.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi