В Темирском районе Актюбинской области проводятся масштабные работы по ликвидации последствий паводка

Ақтөбе облысы Темір ауданында су тасқынының салдарын жою бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда  Төтенше жағдай жарияланған Темір ауданында 98 отбасының үйі зардап шеккен. Оның ішінде 57 үй тұруға жарамсыз болып қалса, 41 үйге жөндеу қажет.  Темірлік Эльмира Аманғали – үйі суға кеткендердің бірі. Тұрмыстық техникалары, біраз мүлкі жарамсыз болып қалған. Келтірілген залал үшін оған 321 мың теңге және баспанасын жөндеуге 7 млн 727 мың теңге беріліпті. Эльмира қаражат қолына тиген сәттен, керек-жарағын алып, жөндеу жұмыстарын бастап кетіпті. Комиссия берген бағаға көңілім толды дейді.  Эльмира секілді, тағы 30 үйдің иесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Бұл мақсатта 148 млн.теңгеден астам төлем аударылыпты. Қаржы бөлу әлі де жалғаса бермек.  Бұдан бөлек, 35 отбасы «Болат Өтемұратов қоры» арқылы дайын тұрған үйді сатып алуға ниет білдірген. Әзірге, 16 отбасы жаңа баспанасына көшті. Бір отбасы «Қамқор-Ақтөбе» қоры арқылы баспаналы болмақ. Қалған 21 үй – Саркөл ауылдық округіне қарасты Құмсай ауылында жаңадан, тұрғындар өздері таңдап алған жер учаскесінде бой көтереді. Екі мердігер компанияның жұмыс қарқыны жоғары, заманауи үлгідегі үйлер белгіленген талаптарға сәйкес, құмсайлықтардың көз алдында салынып жатыр.  Сондай-ақ, 62 отбасы су тасқынынан келген шығын үшін 25 млн 538 мың теңге алыпты.  Мал шығындарын өтеу мақсатында малына тиісті сырғалау жүргізген мал иелері де өтінімдерін жазып, тиісті өтемақыларын алып жатыр. Аудан бойынша су тасқыны салдарынан өлген 528 бас мал үшін шаруалар 128 млн. 611,1 мың теңге сомасында қаржы алды.  Айтып өтейік, Ақтөбе өңірінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, комиссия зардап шеккен тұрғындардың үй-жайларын аралап, тіркеген өтініштері негізінде төлем төлеуді жалғастырып жатыр.

В Темирском районе Актюбинской области проводятся масштабные работы по ликвидации последствий паводка  В Темирском районе, где был объявлен режим чрезвычайной ситуации, в результате стихии повреждены 98 домов. Из них 57 домов признаны аварийными, 41 дом нуждается в ремонте.  Жительница Темира Эльмира Амангали – одна из тех, чей дом был затоплен. Бытовая техника и часть имущества пришли в негодность. Ей выплатили 321 тысячу тенге компенсации за ущерб и 7 миллионов 727 тысяч тенге на ремонт дома. На эти деньги Эльмира купила необходимые стройматериалы и приступила к ремонту. Женщина говорит, что ее устроила сумма, назначенная комиссией.  Стоит отметить, что в ремонте нуждаются еще 30 домов. На эти цели их владельцам было выделено свыше 148 млн. тенге. Финансирование будет продолжено.  Кроме того, 35 семей выразили желание приобрести готовые дома через «Фонд Булата Утемуратова». На данный момент в новое жилье переехали 16 семей. Одна семья получит жилье через фонд «Камкор-Актобе». Еще 21 дом построят в селе Кумсай Саркольского сельского округа на выбранном жителями земельном участке. Две стройкомпании возведут дома в рекордные сроки. За ходом работ наблюдают местные жители.  Также 62 семьи получили свыше 25 млн. тенге за ущерб от наводнения.  Выплачивается компенсация и владельцам погибшего скота. В целом по району за 528 голов скота местным сельскохозяйственникам выплатили свыше 128 млн. тенге.  В Актюбинской области по поручению Главы государства комиссия продолжает свою работу: осматривает жилье пострадавших от паводка и оценивает нанесенный ущерб. Выплаты производятся на основании зарегистрированных заявлений.

Источник. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 220
Категория: 
�����