В Темирском районе начато строительство домов

Темір ауданында үй салу жұмыстары басталды    Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерді қалпына келтіру бойынша жоспарлы жұмыстар белсенді түрде жалғасуда.     Табиғи апаттан жапа шеккен Темір ауданының Құмсай ауылына құрылысшылар келіп, алғашқы үйдің іргетасын құйды. Баспаналар тұрғындардың ұсынысы ескеріле отырып, олар таңдаған биік жерге салынады.     Ауылда табиғи апаттан 44 үйге зақым келді. Оның 22-сі жаңадан салынса, 16 отбасы екінші нарықтағы дайын үйді сатып алатын болды. Тағы 6 үйге жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бұл отбасыларға тиісті қаржы бөлінген.     Тұрғын үйлер мемлекет бекіткенбірпәтерлі типтік жобамен бой көтереді. Аумағы - 80 шаршы метр. Қазіргі таңда мердігерлер «Taf Company» және «МугалжарСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктестігінің құрылысшылары іргетасын қалаудан бастады.   Құрылыс жұмыстарына ауылдың тұрғындары да көмек қолын созуға ниет білдіріп отыр.    Жалпы, Темір ауданынан бөлек, өңірдегі Қобда, Әйтеке би, Ойыл, Мұғалжар аудандарында құрылыс қарқынды. Ырғыз ауданында жер учаскелерін зерделеу жұмыстары жүргізілуде.   Тұрғын үйлердің қажетті құрылыс материалдары мен техникалары тасымалданып, қазіргі уақытта 36 құрылыс компаниясының жұмысшы бригадалары жұмылдырылды. Бүгінгі күні 97 үйдің құрылысы басталды. Облыста 650-ден астам отбасы жаңа қонысқа көшеді.

 

В Темирском районе начато строительство домов    В Актюбинской области, согласно поручению Главы государства, активно продолжается работа по восстановлению населенных пунктов, пострадавших от весеннего паводка.    В село Кумсай Темирского района, пострадавшее от стихийного бедствия, прибыли строители и залили фундамент первого дома. Дома будут построены на возвышенности, выбранной с учетом мнения местных жителей.    Всего в Кумсае в результате паводка повреждено 44 дома. Вместо 22 разрушенных домов будут построены новые, еще для 16 семей приобретут готовые дома на вторичном рынке. 6 домов будут отремонтированы, на что владельцам выделены финансовые средства.    Жилые дома будут построены в соответствии с утвержденным типовым проектом. Площадь каждого дома - 80 квадратных метров. В настоящее время строители ТОО «Taf Company» и «МугалжарСтрой» приступили к закладке фундаментов. Жители села намерены оказывать помощь в строительных работах.    В целом, кроме Темирского района, строительство домов уже начато и активно продолжается в Кобдинском, Айтекебийском, Уилском, Мугалжарском районах. В Иргизском районе ведутся работы по изучению земельных участков.   В районы доставлены необходимые строительные материалы и техника, задействованы рабочие бригады 36-ти строительных компаний. На сегодня уже возводится 97 домов. Всего по области в новое жилье после паводков переедут более 650 семей.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 229
Категория: 
�����