Қызылжар тұрғын алабында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды Мұнда балалар мен жасөспірімдердің спортпен айналысуына барлық жағдай жасалған. Кешен аумағы - 1601,4 м². Мұнда волейбол, баскетбол, үстел теннисіне арналған ойын залдары, сондай-ақ күрес залы мен 100 орындық трибуна қарастырылған.
«Қызылжар спорт мектебіміз су жаңа ғимаратымыз бүгінгі күні өз жұмысын бастап жатыр. Бүгінгі таңда дзюдо, таэквандо, бадминтон сияқты олимпиадалық спорт түрлері, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, жекпе-жек секілді ұлттық спорт түрлері өз жұмысын бастап жатыр. Алдағы уақытта футболды сабақ жоспарына енгіземіз. Күніне елуден астам бала жаттыға алады. Бір жылда 600-ден астам мектеп түлегін дайындаймыз деген үміттеміз»,- дейді Ұлттық спорт мектебінің директоры Дархан Темірханов. Спорт нысанының ашылғанына ата-аналар қуанып отыр. Өйткені, бұған дейін олар балаларын Есет батыр тұрғын алабындағы спорт кешеніне апарыпты.«Спорт ғимаратының үйімізге жақын жерде ашылғанына өте қуаныштымын. Бұрын Есет батырдағы жаттығу залына апаратын едік, енді міне Қызылжарымызда бар, іші өте ұнады. Бадминтонға арнайлап салынған»,- деді жас спортшының анасы Қарлығаш Кусебаева.
В жилом массиве Кызылжар открылся физкультурно-оздоровительный комплекс Здесь созданы все условия для занятий спортом детей и подростков. Площадь комплекса составляет 1601,4 м². В ФОКе предусмотрены игровые залы для волейбола, баскетбола и настольного тенниса, а также зал для борьбы и трибуна на 100 мест.«Наша спортшкола «Кызылжар» начала работу в новом здании. На данный момент уже действуют секции олимпийских видов спорта, таких как дзюдо, таэквондо и бадминтон, а также национальные виды спорта — казакша күрес, тогызкумалак и жекпе-жек. В будущем планируем включить занятия по футболу. В день могут заниматься более 50 детей. Ожидаем, что за год подготовим более 600 выпускников школы»,— рассказал директор Национальной спортивной школы Дархан Темирханов. Родители рады открытию спортивного объекта, так как ранее возили детей в комплекс, расположенный в микрорайоне Есет батыр.
«Очень рады, что спортивный комплекс открылся рядом с домом. Раньше приходилось ездить в Есет батыр, а теперь он есть в нашем Кызылжаре. Внутри все очень понравилось, особенно зал для бадминтона»,— поделилась мать юного спортсмена Карлыгаш Кусебаева.
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi