«Сіздің жолаушыңыз – бала!»: ақтөбелік полицейлер қауіпсіздік акциясын өткізді
13 қарашадан бастап Ақтөбе облысының аумағында «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» бастау алды. Облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен және білім басқармасының қолдауымен өтіп жатқан кең ауқымды шара барысында жол қозғалысының қауіпсіздігіне, әсіресе балалардың қатысуымен болған ЖКО профилактикасына ерекше назар аударылады.
Себебі балалар – жол қозғалысының ең әлсіз, әрі қорғалмаған қатысушылары. Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында балалардың қатысуымен 108 жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 14 бала қаза болды, 120 бала түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды.
Осыған байланысты, ересектердің, ата-аналардың назарын балалардың қауіпсіздігіне аудару, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақыру мақсатында 14 қарашада Ақтөбе облысының полицейлері мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде «Сіздің жолаушы - бала» атты акция өткізді.
Шара барысында тәртіп сақшылары бүлдіршіндер мен балаларды балабақшалар мен мектептерге әкеліп жатқан ата-аналармен, ересектермен және мектеп автобустарының жүргізушілерімен ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік белдіктерін тағу, автокөлікте балаларды тасымалдайтын креслоның болуы, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
«Жыл басынан бері 41 жол-көлік оқиғасында балаларды тасымалдау ережелері бұзылып, соның салдарынан 10 бала қаза болып, 50 бала жарақаттанды. Сондықтан, бүгінгі акция барысында жүргізушілердің, әсіресе ата-аналардың назарын балаларды тасымалдау ережелерін сақтауға шақыра отырып, ересектердің салғырттығынан бүлдіршіндердің зардап шегу деректерін мейлінше азайтқымыз келеді» - дейді ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Артур Абдрешов.
«Ваш пассажир-ребенок!": актюбинские полицейские провели акцию безопасности
С 13 ноября на территории Актюбинской области стартовала акция «Неделя безопасности дорожного движения". В ходе масштабного мероприятия, организованного областным департаментом полиции, совместно с управлением образования, особое внимание уделяется безопасности дорожного движения, в том числе профилактике ДТП с участием детей.
Ведь дети — самые уязвимые участники дорожного движения. В силу своего возраста, они не умеют предвидеть опасность. Так, с начала года на территории Актюбинской области с участием детей произошло 108 дорожно-транспортных происшествий, где погибли 14 детей, 120 получили телесные повреждения различной тяжести.
В связи с этим, в целях акцентирования внимания взрослых и родителей к безопасной перевозке детей, 14 ноября актюбинские полицейские в школах и дошкольных учреждениях региона провели акцию «Ваш пассажир-ребенок».
В ходе акции стражи порядка провели масштабную информационно-пропагандистскую работу с родителями, взрослыми и водителями школьных автобусов, где разъяснили им о необходимости применения ремней безопасности и детских удерживающих устройств при перевозке детей, строгого соблюдения ПДД, не подвергать опасности жизнь и здоровье детей своей беспечностью.
«С начала года в области в 41 ДТП были нарушены правила перевозки детей, в результате чего 10 детей погибло и 50 получили ранения. В связи с этим, призываем всех водителей, особенно родителей, строго соблюдать ПДД и правила перевозки детей. Мы особо обеспокоены тем, что от халатности взрослых чаще страдают дети. Нам хотелось бы свести к минимуму количество ДТП, в том числе где жертвами становятся неповинные дети» - говорит заместитель начальника управления местной полицейской службы ДП Артур Абдрешов.