Ветераны-наставники вместе с полицейскими нарядами патрулируют улицы Актобе

Ардагер-полицейлер полиция жасақтарымен бірге қала көшелерін патрульдеуде

Ағымдағы жылдың 14 наурызында Ақтөбе қаласы полиция басқармасының плацында полицияның кешенді күштерінің гарнизондық таратылуы өтті.
Жиын барысында ПД бастығы полиция полковнигі Абай Жусупов қызметке түсетін жасақтарға азаматтармен сыпайы және әдепті қарым-қатынас жасау, қызметтік міндеттерін сервистік тәсілге толық бағыттала отырып атқару, облыс жолдарындағы қауіпсіздікті арттыруға негізделген шараларды қабылдау туралы нұсқау беріп, Мемлекет басшысы мен ІІМ басшылығының құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесуге бағытталған талаптарын жеткізді.
Сондай-ақ, Департамент бастығы ювеналдық полицияға жаңа қызметтік шағын автобустың кілтін табыстап, жаңа автокөлік жасөспірімдер құқықтарын қорғау мен қылмыстардың алдын алуға қызмет ететініне сенім білдірді.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылған жеке құрам қаладағы жедел жағдай туралы хабардар етіліп, қылмыс жасаған, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру бойынша бағдарлармен таныстырылды.
Жасақтар сап түзеген шараға ішкі істер органдарының ардагерлері мен тәлімгерлері де қатысып, өздерінің ақыл-тәжірибесімен бөлісіп, тәртіп сақшыларының қызметіне сәттілік тіледі.
«Көшелердегі полиция жасақтары – әр азаматқа сенім ұялатып, өздерін қауіпсіз сезінуіне ықпал етуі тиіс. Бүгін біз өз тәжірибемізге сүйене отырып, полицейлерге, әсіресе, жас мамандарға көмекке мұқтаж азаматтардың жанынан әрдайым табылу, қарапайым, әрі адал болу туралы ақыл-кеңестерімізді айта отырып, халықпен сенімді қарым-қатынас орнату, жеке түйсігімен құқық бұзушылықтарды анықтау тәсілдерімен бөлістік» - дейді ІІО ардагері Ерлан Алтынбаев.
Гарнизондық таратудан кейін ардагер-тәлімгерлер облыс аумағында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кіріскен полицейлермен бірге қала көшелерін патрульдеуге аттанды.

Ветераны-наставники вместе с полицейскими нарядами патрулируют улицы Актобе

14 марта т.г. на плацу Управления полиции города Актобе состоялся гарнизонный развод нарядов комплексных сил полиции.
В ходе мероприятия начальник ДП области Абай Жусупов провел инструктаж, указав на вежливое и внимательное обращение с гражданами, сервисном подходе исполнению служебных обязанностей, в первую очередь всестороннему оказанию помощи гражданам и исполнению требований Главы государства и руководства МВД.
Так же начальник департамента вручил ключи от нового служебного микроавтобуса ювенальной полиции и выразил уверенность, что поступление нового автотранспорта поможет в профилактике подростковой преступности.
Сотрудники полиции, заступающие на охрану общественного порядка, были проинформированы о состоянии оперативной обстановки в городе, ознакомлены с ориентировками по розыску лиц, совершивших преступления, а также пропавших без вести.
В мероприятии приняли участие ветераны и наставники органов внутренних дел, которые поделились своим опытом и пожелали успехов в службе стражам порядка.
“Наряды полиции на улицах должны внушать доверие каждому гражданину и способствовать тому, чтобы они чувствовали себя в безопасности. Сегодня, опираясь на свой опыт, мы поделились своими советами о том, как всегда быть простым и честным с гражданами. Как выстраивать доверительные отношения с населением и поделились опытом в профилактике правонарушений с молодыми специалистами»,- говорит ветеран ОВД Ерлан Алтынбаев.
После горнизонного развода полицейские приступили к возложенным объязанностям по охране общественного порядка и обеспечению дорожной безопасности на дорогах области вместе с ветеранами-наставниками.

Источник.https://www.instagram.com/p/C4h9DgLs6jf/

Просмотров: 314
Категория: 
�����