Вопрос подготовки к отопительному сезону обсуждался на аппаратном совещании под председательством акима области Асхата Шахарова

Жылыту маусымына дайындық пысықталды Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында жылыту маусымына дайындық мәселесі қаралды.  Аталған жиынға облыстық басқармалардың басшылары, бейнебайланыс арқылы Ақтөбе қаласы және аудандардың әкімдері қатысты. Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаевтың айтуынша, биыл облыс бойынша 632 қазандыққа жөндеу жұмыстары жүргізілуі керек. Сондай-ақ 53,2 шақырым кәріз-су, 31,2 шақырым жылу, 13,8 шақырым электр желісі жаңартылған. Өңірде 1371 нысанның 160-ы жөндеуден өткен.  

«Алдағы күз-қыс айларына облыстағы бюджеттік ұйымдарға 28 455,8 тонна көмір, 1622,3 тонна дизель отыны қажет. Ал жылыту маусымына халық қажеттілігі үшін 21 500 тонна көмір керек. Тұрғындар үшін тұрмыстық көмір отыны тамыз айынан бастап тасымалданады. Жалпы, жылыту маусымының өту барысы басқарманың тұрақты бақылауында»,— деді басқарма басшысы.    Оның сөзінше, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдіктеріне 15 маусымға дейін жөндеу және дайындау жұмыстарының жоспар-кестелерін әзірлеу тапсырылған. Отырыста облыс әкімі басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне жылыту маусымына дайындық шараларын тиісті деңгейде жүргізуді тапсырды.  

«Жылыту маусымына дайындық үнемі бақылауда болуы керек. Қазандықтарды жөндеу, қатты және сұйық отынды жеткізу жұмыстарын жүргізуде ыждағаттылық керек. Отынды тасымалдау бойынша жұмыс қарқынын күшейту қажет. Ал елді мекендердегі газсыз отырғанәлеуметтік нысандардың мәселесін тез арада шешіңіздер, мәселені қадағалауға ұстаңыздар»,— деді Асхат Шахаров.

Идет подготовка к отопительному сезону Вопрос подготовки к отопительному сезону обсуждался на аппаратном совещании под председательством акима области Асхата Шахарова. В совещании приняли участие руководители областных управлений, акимы города Актобе и районов. По словам руководителя областного управления энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Арысулана Айтбаева, в этом году в регионе необходимо провести текущий и капитальный ремонт 632 котла. Также обновлено 53,2 км канализационных и водопроводных сетей, 31,2 км системы отопления, 13,8 км линий электропередачи. В области приведено в порядок 160 из 1371 объекта.

«На период отопительного сезона бюджетным организациям региона необходимо 28 455,8 тонны угля и 1 622,3 тонны дизельного топлива. Для населения на отопительный сезон требуется 21,5 тыс. тонн угля. Поставки угля начнутся с августа. В целом ход отопительного сезона находится под постоянным контролем»,— сказал руководитель управления.  По его словам, акиматам города и районов было поручено разработать планы ремонтно-подготовительных работ. На совещании аким области поручил руководителям управлений и акимам районов провести подготовку к отопительному сезону на должном уровне.

«Подготовка к отопительному сезону должна быть на постоянном контроле. Необходимо провести ремонт котлов и поставить  топливо в организации. Это следует сделать вовремя в оговоренные сроки. Решить вопрос с социальными объектами без газоснабжения и держать их на контроле весь отопительный период»,— поручил Асхат Шахаров.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 153
Категория: 
�����