Вопросы борьбы с интернет-мошенничеством обсудили с участием руководителей банков в Актобе 

Ақтөбеде интернет-алаяқтықпен күрес мәселелері банк басшыларының қатысуымен  талқыланды 

Қазіргі таңда ең кең тараған қылмыс түрлерінің бірі алаяқтық, оның ішінде қаржы қызметтерінің сандық форматқа ауысуына байланысты жиілеп кеткен  интернет-алаяқтықтар болып отыр. 
Ағымдағы жылдың 6 айында облыста интернет-алаяқтық фактілері бойынша  441 қылмыстық іс тіркелді, оның 153-і «Колеса кз», «ОЛХ», телеграм арқылы тауар сатумен байланысты болса, қалғандары инвестициялық компанияларға ақша салу, онлайн ойындар, ақшаны көбейту,  банк қызметкері болып алдау т.б.  байланысты алаяқтықтар болып отыр. Қазіргі таңда  алаяқтардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге 240 миллион теңге көлемінде материалдық залал келтірілген. 
Алаяқтықтың осы түріне қарсы күресті күшейту мақсатында 2023 жылдың 12 шілдесінде Ақтөбе облысының полиция департаментінде  «Интернет-алаяқтықтар бойынша тіркелген қылмыстық істерді тергеу кезінде туындайтын проблемалық сұрақтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 
Оған тергеу, криминалдық полиция қызметкерлерімен қатар, облыстық прокуратура қызметкерлері, Ақтөбе облысының қаржы нарығын реттеу мен дамыту басқармасының бастығы және екінші деңгейлі банктердің басшылары қатысты. Кездесуде интернет-алаяқтық қылмыстары бойынша екінші деңгейлі банктермен  өзара іс-қимыл жасау, банктердің жауапкершілігін күшейту,  интернет-алаяқтықтың алдын алу және онымен күресті күшейтудің жаңа әдіс-тәсілдері мен ұсыныстар талқыланды.

Вопросы борьбы с интернет-мошенничеством обсудили с участием руководителей банков в Актобе 
На сегодняшний день одним из самых распространенных видов преступлений являются мошенничества,  в том числе  интернет -мошенничества, которые совершаются в связи  с  цифровизацией  финансовых услуг.
За 6 месяцев текущего года по фактам интернет-мошенничеств по Департаменту полиции зарегистрировано 441 уголовное дело, из них  наибольшее количество (153) связаны с продажей товаров через «Колеса кз», «ОЛХ» и телеграмм, остальные факты связаны с вложением в инвестиционные компании, онлайн-играми, раскруткой денег, обналичиванием денежных средств и др.   В настоящее время в результате преступных действий мошенников потерпевшим причинен материальный ущерб в размере 240 миллионов тенге. 
С целью усиления борьбы с данным видам мошенничества 12 июля 2023 года в ДП Актюбинской области состоялся круглый стол на тему «Проблемные вопросы, возникающие при расследовании уголовных дел, зарегистрированных по интернет-мошенничествам». В нем наряду с сотрудниками оперативно-следственного блока приняли участие сотрудники областной прокуратуры, начальник Управления по регулированию и развитию финансового рынка по Актюбинской области и руководители банков второго уровня. 
На встрече были обсуждены вопросы взаимодействия с банками второго уровня по уголовным делам, зарегистрированным по фактам интернет-мошенничеств, усиления ответственности банков, профилактика интернет-мошенничеств и усиление методов борьбы с данным видом преступления

Просмотров: 285
Категория: 
�����