Выступивший на совещании с докладом директор ТОО «Актюбинская строительная компания» Нагымжан Алдияров акцентировал внимание собравшихся на десяти незавершенных объектах, в которые были вложены средства дольщиков

Жиында баяндама жасаған «Ақтөбе құрылыс компаниясы» ЖШС директоры Нағымжан Алдияров бүгінде үлескерлер қаржы салып, құрылысы аяқталмай қалған онға жуық жобаға тоқталды. Олардың қатарында «ҚазЭкоСтройАқтөбе» ЖШС, «Aktobe Rom Group» ЖШС, «Жилище» ТҚК, «Fust and shine» ЖШС, «Safina.kz» ТК, «Алаш орда-1» ТҚК, «Каспий Групп» ЖШС, т.б. бар. Бұл компаниялар қолға алған жобалардың дені қазір тоқтап тұр. Себебі тергеу-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ал «ҚазЭкоСтройАқтөбе» ЖШС кезінде мойнына алған 6 тұрғын үй 2024-2025 жылдары пайдалануға беріледі. Қазір бұл үйлердің құрылысын жаңа инвестор — «Qazaq Prom Stroi» ЖШС жүргізіп жатыр. Сол сияқты «Экслюзив» тұрғын үй кешені де биыл жыл аяғында қолданысқа берілмек. Бұл үйді инвестор «Rakhmet Construction Group» ЖШС салуда.

«Биыл облыс орталығындағы үлескерлердің мәселесін шешу мақсатында жалпы саны 450 пәтерлік 12 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Үлескерлер бұл үйлердегі 182 пәтерге қаржы салған. Сондай-ақ біз үш құрылыс компаниясына түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бұл компаниялардың үстінен де іс қаралып жатыр. Себебі құрылысты жүргізгенде заңбұзушылықтарға жол берген. Тұрғындар бұл үйлерге де қаржыларын салған»,— деген Нағымжан Алдияров алдағы уақытта заң жүзінде барлық нысандар бойынша сот шешімі шыққаннан кейін бұл үйлер серіктестіктің балансына берілетінін, содан кейін инвесторлар тарту мәселесі шеңберінде жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Айта кету керек, кейбір құрылыс компаниялары 5 және 7 қабатты үйлердің орнына 6 және 8 қабатты үйлер салу арқылы жобадан ауытқып кеткен. Облыс әкімі серіктестік басшысына құрылысты жобаға сәйкес, сот шешімінен кейін бұл бағытта жеделдетіп жұмыс жүргізуді тапсырды.  Жиынды қорытындылаған Асхат Шахаров облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшыларына проблемалық нысандардың мәселесін шешу бойынша жүйелі жұмыс жүргізу керектігін қадап айтты.

Выступивший на совещании с докладом директор ТОО «Актюбинская строительная компания» Нагымжан Алдияров акцентировал внимание собравшихся на десяти незавершенных объектах, в которые были вложены средства дольщиков. Среди них: ТОО «КазЭкоСтройАктобе», ТОО «Aktobe Rom Group», ЖСК «Жилище», ТОО «Fust and shine», ЖК «Safina.kz», ЖСК «Алаш орда-1», ТОО «Каспий Групп» и др. В связи с расследованием дел проекты этих компаний приостановлены. Переданные на баланс ТОО «КазЭкоСтройАктобе» 6 жилых домов планируют сдать в 2024-2025 годах. Сейчас эти дома достраивает новый инвестор - ТОО «Qazaq Prom Stroi».  Также до конца этого года будет сдан в эксплуатацию жилой комплекс «Эксклюзив». Данный дом строит инвестор ТОО «Rakhmet Construction Group».

«В этом году для решения проблемы дольщиков в областном центре планируется сдать в эксплуатацию 12 жилых домов на 450 квартир. Дольщики вложили средства в 182 квартиры в этих домах. Также мы провели разъяснительную работу в трех строительных компаниях, куда были также вложены средства дольщиков. В отношении этих компаний из-за нарушений сейчас ведется расследование»,- разъяснил Нагымжан Алдияров. Он сообщил, что после решения суда по всем объектам, эти дома будут переданы на баланс предприятия и будет решаться вопрос привлечения инвесторов. Следует отметить, что некоторые строительные компании отклонились от проекта, построив вместо 5- и 7-этажных 6- и 8-этажные дома. Аким области поручил руководителю товарищества ускорить строительство проблемных объектов.  Асхат Шахаров также поручил руководителям управления государственного архитектурно-строительного контроля и управления строительства, архитектуры и градостроительства вести системную работу по решению вопросов с проблемными объектами.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 354
Категория: 
�����