Ақтөбе облысында «Камаз» жүргізушісі полиция қызметкеріне пара ұсынды.
Пара бергені үшін Алға қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
3 мамыр күні №3 қалалық полиция бөліміне полиция қызметкерінен хабарлама келіп түсті. Оның айтуынша, Ақтөбеде көшелердің бірінде 62 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Камаз» жүк көлігін тоқтатты. Көлік жүргізушісі ҚР ӘҚбТК 593-бабы 3-бөлігі «Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпас үшін, полиция қызметкеріне пара ұсынған. Қызметтік міндетін адал атқарып жүрген полиция қызметкері пара алудан бас тартты. Кейін ол сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына арыз жазды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 367-бабы 1-бөлігі «Пара беру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Сол күні тағы бір жағдай орын алды. «Ваз 21102» автокөлігінің жүргізушісі әкімшілік құқықбұзушылық жасап, дәл солай жауапкершілікке тартпас үшін полиция қызметкеріне пара берген.
Ақтөбе облысы ПД пара бергені үшін қылмыстық жауапкершіліктің барын ескертеді. Санкция бойынша мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенгеннен отыз еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Взятку полицейскому пытался дать водитель Камаза в Актюбинской области.
На жителя города Алга возбуждено уголовное дело за попытку дать взятку сотруднику полиции.
3 мая т.г. в городской отдел полиции №3 поступило сообщение от сотрудника патрульной полиции о том, что в г.Актобе на одной из улиц остановлена автомашина КамАЗ под управлением 62-летнего местного жителя. За непривлечение к административной ответственности по ст. 593 ч. 3 КоАП РК «Несоблюдение требований по перевозке пассажиров и грузов, пользованию ремнями безопасности или мотошлемами, предусмотренных правилами дорожного движения», водитель предложил полицейскому взятку.
Исполняя служебный долг, сотрудник полиции отказался от денежных средств. Полицейский проявил принципиальную позицию и сообщил о коррупционном преступлении своему непосредственному руководству и в Управление собственной безопасности. В настоящее время по данному факту возбуждено досудебное производство по ст. 367 ч.1 УК РК «Дача взятки», проводятся следственные действия.
В тот же день выявлен второй факт дачи взятки, где водитель автомашины марки «Ваз 21102», совершил административное нарушение и за непривлечение к административной ответственности так же предложил взятку полицейскому.
Департамент полиции предупреждает, что за дачу взятки предусмотрена уголовная ответственность, санкция которой предусматривает штраф в размере от двадцатикратной до тридцатикратной суммы взятки либо лишение свободы на срок до пяти лет, с конфискацией имущества или без таковой, с пожизненным лишением права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью.