Алматылық заңгерлер су тасқынынан зардап шеккендерге заңгерлік кеңес береді Алматы қаласының заң консультанттар палатасы мен «Рахым әлеуметтік үйі» қоғамдық қорының өкілдері Ақтөбеге гуманитарлық көмек әкелді. Заңгерлер тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруге дайын екендігін жеткізді.
«Біз ақтөбеліктерге осындай қиын кезеңде қолдау көрсету үшін келдік. Бос келмей, өздерімізбен бірге гуманитарлық көмек ала келдік. Сонымен қатар заңгерлеріміз су тасқынынан зардап шеккен облыс тұрғындарын қабылдап, заңгерлік кеңес беруге дайын. Қарызға қатысты мәселелер туындаса, біз сізге несиені өтеуге қатысты мәселелерді қалай шешуге болатынын айтамыз, мүмкін біреудің шоттары бұғатталған болса, оларды блоктан шығаруға көмектесеміз. Мүліктік залал қалай есептелетінін, мемлекеттен қаржылай көмек алу үшін қандай құжаттарды дайындау керектігін түсіндіреміз. Азаматтар өздерін қызықтыратын сұрақтар бойынша бізге хабарласуына болады»,- дейді Алматы қаласы заң консультанттар палатасының төрайымы Гүлнар Бердібекова. «Рахым әлеуметтік үйі» қоғамдық қорының Алматы қаласындағы өкілі Бибінұр Шералиева да су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктерге қолдау білдірді.
«Осындай қиын сәтте біз де сіздердің жандарыңыздан табылып, қол ұшын созып, қолдау білдіргіміз келеді. Ең бастысы, ақтөбеліктер тасқын судың салдарымен жалғыз күресіп жатқан жоқ. Біз сіздермен біргеміз және әрқашан қолдаймыз»,– дейді Бибінұр Шералиева.
Юристы из Алматы готовы оказать юридическую консультацию пострадавшим от паводка актюбинцам Представители Палаты юридических консультантов города Алматы и Общественного фонда «Социальный дом Rahym» привезли в Актобе гуманитарную помощь. Также юристы выразили готовность консультировать население по правовым вопросам.
«Мы прибыли в Актобе, чтобы поддержать местных жителей в такой сложный для них период. Привезли с собой гуманитарную помощь. Кроме того, наши юристы готовы принять пострадавших от паводка жителей региона, помочь им с юридической консультацией. Если есть проблемы с закредитованностью - подскажем как решить вопросы с выплатой кредитов, быть может у кого-то счета заблокированы – поможем разблокировать их. Разъясним как проводится оценка ущерба имущества, какие документы надо подготовить, чтобы получить материальную помощь от государства. Обращаться можно по любым интересующим граждан вопросам»,- обратилась с жителям региона председатель Палаты юридических консультантов г. Алматы Гульнара Бердибекова. Представитель ОФ «Социальный дом Rahym» из Алматы Бибинур Шералиева также высказала слова поддержки актюбинцам, пострадавшим от паводка:
«В такое нелегкое время мы хотим быть рядом с вами, протянуть вам руку помощи, выразить свою поддержку. Сейчас самое главное, чтобы актюбинцы не чувствовали себя один на один со своей бедой. Мы вместе с вами, и всегда будем поддерживать»,- сказала Бибинур Шералиева.
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi