Мұнай компаниясына жұмысқа кірмек болған ақтөбелік 1 миллионға жуық ақшасынан айырылған
Жаз айында 48 жастағы ақтөбелік өзіне қолайлы жұмыс іздеген. Туысы оны бейтаныс адаммен таныстырған. Ол жұмыс іздеген ақтөбелікке мұнай компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналасуға көмектесетінін айтып, өз «қызметі» үшін қомақты ақша сұраған.
Онша таныс емес жұмысшымен Ақтөбе қаласындағы көшелердің бірінде кездескен жігіт өзін жұмысқа орналастыратына сеніп, оған 2000 АҚШ долларын қолма-қол берген.
Алайда, жарты жылға жуық уақыт бойы уәде етілген мұнай компаниясына жұмысқа шақырту алмаған, әрі бір миллионға жуық ақшасын да қайтарып ала алмаған ақтөбелік жігіт қараша айында полицияға арызданды. Бұл дерек бойынша полиция қызметкерлері 39 жастағы күдіктіні анықтады.
Алаяқтық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақтөбе облысының полиция департаменті азаматтарды күмәнді және заңсыз қаржылық мәмілелерден аулақ болу, бейтаныс адамдарға ақша бермеу және аудармау қажеттігі туралы қатаң ескертеді! Бұл өзіңізді алаяқтардан қорғаудың ең басты жолы.
За миллион тенге пытался «трудоустроиться» в нефтяную компанию актюбинец
Летом 48-летний актюбинец искал себе высокооплачиваемую работу. Родственник познакомил его с неизвестным мужчиной, который пообещал актюбинцу, что поможет ему устроиться на работу в нефтяную компанию вахтовым методом и за свои услуги попросил солидную сумму денег.
Далее горожанин встретился с ним в Актобе, где в надежде на трудоустроиство, передал ему 2000 долларов США наличными.
Однако, ни работы нефтяника-вахтовика, ни своих денег около миллиона тенге, актюбинец в течении полугода так и не дождался. В ноябре обманутый мужчина обратился в городской отдел полиции.
По данному факту сотрудники полиции установили 39-летнего местного жителя. По факту мошенничества возбуждено уголовное дело по части 1 статьи 190 Уголовного кодекса Республики Казахстан.
Департамент полиции Актюбинской области призывает граждан воздержаться от сомнительных и незаконных сделок, не передавать и не переводить деньги малознакомым людям! Остерегайтесь мошенников!