Заместитель акима области А. Абдикаримов провёл встречи с представителями китайского бизнеса

Облыс әкімінің орынбасары А.Әбдікәрімов қытайлық бизнес өкілдерімен кездесулер өткізді Қытайдың Сиань қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов қытайлық бизнес өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Мұнай, газ, су және басқа да орталарды жоғары қысымда, ауыр жүктемелер мен агрессивті коррозиялық жағдайларда тасымалдауға арналған арматураланған құбыр шешімдерін өндіруге маманданған Non-metallic Flexible Composite Pipes компаниясының басшылығымен кездесу өтті. Компания құрылыс және мұнай-газ салалары үшін технологияларды белсенді түрде дамытып келеді. Сондай-ақ Қытайдағы жетекші өнеркәсіптік клапан өндірушілерінің бірі болып саналатын Telie Valie Group компаниясының өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. 1980 жылы негізі қаланған бұл компания бақылау және реттеу арматурасын ғылыми-зерттеу, өндіру және сатумен айналысады. Чжэцзян мен Шанхайда орналасқан жалпы ауданы 38 000 м² болатын екі зауытта 380 қызметкер, оның ішінде 42 инженер жұмыс істейді. Компания өнімдері -196°C-тан +600°C-қа дейінгі кең температуралық ауқымды қамтиды. Сонымен қатар, табиғи газды өңдеу саласында жұмыс істейтін Shaanxi Wantuobang Industrial Co., Ltd компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Компания - жыл сайын 200 мың тоннаға дейін сұйытылған табиғи газ (СТГ) өндіреді және Қытайдың өнеркәсіптік кәсіпорындарына сығылған табиғи газды (СТГ) жеткізетін ірі жеткізушілердің бірі. Барлық кездесулер аясында инвестициялық ынтымақтастық және өндірісті Ақтөбе облысы аумағында жергіліктендіру мүмкіндіктері талқыланды.

Заместитель акима области А. Абдикаримов провёл встречи с представителями китайского бизнеса В Генеральном консульстве Республики Казахстан в городе Сиань заместитель акима Актюбинской области Абзал Абдукаримов провёл ряд двусторонних встреч с представителями китайского бизнеса. Состоялась встреча с руководством компании Non-metallic Flexible Composite Pipes, специализирующейся на производстве армированных трубопроводных решений для транспортировки нефти, газа, воды и других сред в условиях высоких нагрузок, давления и агрессивной коррозионной среды. Компания активно развивает технологии для строительной и нефтегазовой отраслей. Также прошли переговоры с представителями Telie Valie Group — одного из ведущих производителей промышленных клапанов в Китае. Основанная в 1980 году, компания занимается научно-исследовательскими разработками, производством и продажей запорно-регулирующей арматуры. На двух заводах в Чжэцзяне и Шанхае общей площадью 38 000 м² трудятся 380 сотрудников, включая 42 инженера. Продукция компании охватывает широкий температурный диапазон — от -196°C до +600°C. Кроме того, Абзал Абдукаримов провёл встречу с представителями Shaanxi Wantuobang Industrial Co., Ltd, работающей в сфере переработки природного газа. Компания ежегодно производит до 200 тысяч тонн сжиженного природного газа (СПГ) и является одним из крупнейших поставщиков компримированного природного газа (КПГ) для промышленных предприятий КНР. В рамках всех встреч были обсуждены возможности инвестиционного сотрудничества и локализации производства на территории Актюбинской области.

Источник.@emergovkz

Просмотров: 191
Категория: 
АктобеИнфо