Занятия по безопасности на дорогах проводит полиция с детьми в Актобе

Ақтөбеде полицейлер балалармен жолдардағы қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізуде

Балалардың қауіпсіздігі - полицияның негізгі міндеттерінің бірі. Осыған байланысты патрульдік полиция қызметкерлері қала оқушыларымен танымдық сабақтар өткізуде.
- Жолдарда балалардың жарақаттануы және оның алдын алу – өте маңызды және күрделі мәселе. Осыған байланысты біз жалпы білім беретін мекемелердің оқушыларымен үнемі түсіндірме әңгімелер өткіземіз. Сабақтарда жол қозғалысының базалық ережелеріне, жеке қауіпсіздік ережелерін сақтауға ерекше назар аударылады, сондай-ақ реттеушінің қимылдары түсіндіріледі, - деп атап өтті Ақтөбе қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Мирхан Есенжолов.
2024 жылдың басынан бастап Ақтөбе облысында балалардың қатысуымен 26 жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 27 бала түрлі дене жарақатын алып, 6 бала қаза тапты.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңызға күн сайын жол қозғалысы ережелерін түсіндіруді сұраймыз. Балаларда жеке қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырыңыз. Балалармен жеке әңгімелер өткізіңіз, олардың өмірін сақтауға көмектесетін маңызды ережелерді айтыңыз. Есіңізде болсын, сіздің балаларыңыздың қауіпсіздігі тек сіздің қолыңызда!

Занятия по безопасности на дорогах проводит полиция с детьми в Актобе

Безопасность детей является одной из основных задач полиции. В этой связи, сотрудники патрульной полиции проводят познавательные занятия со школьниками города.
– Детский травматизм на дорогах и его предупреждение – очень важная и серьезная проблема. В связи с этим, нами постоянно проводятся разъяснительные беседы с учащимися общеобразовательных учреждений. На занятиях особое внимание уделяется базовым правилам дорожного движения, соблюдению правил личной безопасности, а также поясняются жесты регулировщика, – отметил командир БПП УП города Актобе Мирхан Есенжолов.
С начала 2024 года в Актюбинской области произошло 26 дорожно-транспортных происшествий с участием детей, в которых 27 получили различные телесные повреждения и 6 погибло.
Уважаемые родители! Настоятельно просим ежедневно разъяснять своим детям правила дорожного движения. Формируйте у детей навыки обеспечения личной безопасности. Проводите с детьми индивидуальные беседы, объясняя важные правила, соблюдение которых поможет сохранить жизнь. Чтобы не стать жертвой или виновником дорожно-транспортного происшествия, обучите детей элементарным правилам дорожного движения. Помните, безопасность ваших детей лишь в ваших руках!

Источник.https://www.instagram.com/p/C6JCmuVMOri/

Просмотров: 264
Категория: 
�����