Завершая работу сессии, аким области Асхат Шахаров подчеркнул важность эффективного использования бюджетных средств и отметил, что ответственность за это несут все руководители госучреждений.

Сессияны қорытындылаған облыс әкімі Асхат Шахаров бюджет қаржысын тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталып, бұл мәселеге барлық басшы жауапкершілікпен қарауы керектігін атап өтті.
«Бүгінгі сессияда көп мәселе қаралды. Қазіргідей қиын кезеңде біз үшін бюджет қаржысын тиімді жұмсап, барынша үнемдеуөте маңызды. Біз су тасқыны салдарын жоюға республикалық бюджеттен қаржы сұрапотырмыз. Бұл бағытта өзіміздің қазынадан да қаржы қарастырылады. Ең бастысы, әлеуметтік нысандарды қалыпқа келтіруде, тұрғындарды баспанамен қамтуда қарқынды жұмыстар жүргізуіміз керек. Бұл орайда 1 маусымда су тасқынынан зардап шеккендерге 30-дан астам пәтер беріледі. Әрі қарай 15 маусымда тағы да қала тұрғындарына пәтер кілттері табысталады. Аудандарда да тұрғындар баспанамен қамтылады. Барлық жұмыстар заң аясында, комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылады. Біздің мақсатымыз — Президент тапсырмасын ойдағыдай орындау, халыққа жағдай жасау.
Сондай-ақ бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі — өрт оқиғаларының алдын алу. Бұл орайда мекемелерге лизинг арқылы өрт сөндіру техникалары сатып алынады. Шегірткеге қарсы жұмыстарды да жандандыруымыз керек. Бұл бағытта да қаржы бөлінеді. Қазір біз 11 ұшақ дайындап қойдық. Жауапты мекемелер жұмылып, бірлесе жұмыс істеңіздер»,— деді Асхат Шахаров.

Завершая работу сессии, аким области Асхат Шахаров подчеркнул важность эффективного использования бюджетных средств и отметил, что ответственность за это несут все руководители госучреждений.
 «В ходе сессии было рассмотрено немало важных вопросов. В этот нелегкий период для нас очень важно экономно расходовать бюджетные средства. На ликвидацию последствий паводка мы просим средства из республиканского бюджета. На эти цели выделяются средства и из местного бюджета. Сейчас главное – как можно быстрее привести в порядок социальные объекты и обеспечить жильем пострадавших от паводка. Отмечу, что 1 июня более 30 квартир будут переданы пострадавшим. А 15 июня ключи от квартир получат горожане. Жители районов также будут обеспечены жильем. Работа проводится в рамках закона, на основании решения комиссии. Наша задача – позаботиться о населении и достойно выполнить поручение Президента.
Другим из важнейших вопросов является профилактика пожаров. Для учреждений в лизинг приобретаются средства пожаротушения. Мы также должны активизировать работу по борьбе с саранчой. Средства на эти цели выделяются. Подготовлены 11 самолетов для опрыскивания полей химикатами. Ответственные управления должны работать сообща»,- сказал Асхат Шахаров.

Источник.https://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 185
Категория: 
�����