«Здоровое поколение - будущее нации»: в Актобе проходит уникальный форум для молодежи

«Адал ұрпақ - ұлт болашағы»: Ақтөбеде жастар үшін ерекше форум өтуде
Ақтөбе қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбеде «Адал ұрпақ» атты жастар форумы өткізілуде. Жастардың бойында патриоттық сезім мен рухани тәрбиені қалыптастыру, оларды құқық бұзушылықтар мен жат ағымдардан бойын аулақ ұстауға баулу мақсатында өткізіліп жатқан шараға құқық қорғау органдары қызметкерлерімен қатар, танымал медиа тұлғалар да белсенді қатысуда.
Форум аясында 22 қазанда дінтанушы, танымал блогер, әлеуметтік желілерде жастарға парасатты ақыл-кеңесін аямай жүрген Нұрлан Байжігітұлы Ақтөбе қаласында студент жастармен кездесіп, ой бөлісті.
Студенттер сарайында 800-ден астам жастың басын қосқан тәрбиелік мәні зор шараны Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет ашып, Ақтөбе қаласы полиция басқармасының бастығы Әсет Қалиев жастар арасындағы құқық бұзушылықтың жай-күйі туралы мазмұнды баяндама жасады. Шаһардың полиция басшысы жыл басынан бері жасөспірімдер жасаған құқық бұзушылықтардың саны мен сипатына тоқтала отырып, зиянды әдеттердің жетегінде кеткен жастардың әрі қарайғы тағдыры туралы әсерлі әңгімелеп берді
Халық арасында Нұрлан имам атымен танымал спикер қыз бала мен ер баланың рөлі, отбасылық құндылықтар, өзін-өзі тәрбиелеу, ортаның ықпалы, ырым-тыйымдардың маңызы тұрғысында ой өрбітіп, ашық микрофон аясында жастарды толғандырған сауалдарға жауап берді.
Сонымен қатар, шара барысында ПД Кинологиялық қызмет орталығының мамандары қызметтік иттердің есірткі заттарын табудағы рөлін іс жүзінде көрсетіп, жастарды есірткі заттарынан бойын аулақ ұстауға шақырды.

«Здоровое поколение - будущее нации»: в Актобе проходит уникальный форум для молодежи
В Актобе проводится молодежный форум «Адал ұрпақ», организованный акиматом города Актобе. В мероприятии, проводимом в целях духовного воспитания и формирования у молодежи чувства патриотизма, профилактики правонарушений и пресечения подростковой преступности, принимают активное участие как сотрудники правоохранительных органов, так и известные медиа личности.
В рамках форума 22 октября в городе Актобе теолог и известный в социальных сетях блогер, в том числе среди молодежи, Нурлан Байжигитулы встретился со студентами, где обсудил актуальные вопросы молодежи.
На мотивационно-патриотическом мероприятии, собравшем свыше 800 молодых людей, с приветственной речью выступил аким города Актобе Азамат Бекет. Начальник Управления полиции города Актобе Асет Калиев довел до собравшихся о состоянии правонарушений среди молодежи. Глава полиции города остановился на количестве и характере правонарушений, совершенных подростками, подробно рассказал о дальнейшей судьбе молодежи, ставшими пленниками пагубных привычек.
Спикер, известный в народе под именем Нурлан имам, рассказал ребятам о семейных ценностях, мужестве и чести, воспитании чувст и характера, важности самообразовании, влиянии среды и в рамках открытого микрофона ответил на вопросы волнующие молодежь.
Кроме того, в ходе мероприятия полицейские Центра кинологической службы ДП наглядно продемонстрировали роль служебных собак в обнаружении наркотических средств и рассказали ребятам о тяжелых последствиях наркотиков.

Источник.https://www.instagram.com/polisia_aqtobe/reel/DBdNws_MM8b/

Просмотров: 193
Категория: 
�����