Бір дүкеннен 7 рет ұрлық жасаған әйел ұсталды
8 қарашада күндізгі уақытта белгісіз адам Хромтау қаласындағы дүкендердің бірінің сөресінен бірнеше сусабынды жасырын ұрлап кеткен. Осы факті бойынша бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде 49 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.
Тергеу барысында қазан айының соңынан бастап екі апта ішінде күдікті осы дүкенге 7 рет ұрлыққа түсіп, шаруашылық бұйымдарын сөмкесіне салып алу арқылы жасырын жымқырғаны анықталды. Бұл ретте, ол тек сусабындарды ұрлаумен айналысып отырған. Осылайша, 2 аптадан аса уақыт ішінде әйел бір ғана дүкеннен 15 сусабын ұрлап, бірнешеуін бейтаныс адамға сатып үлгерген.
Шаруашылық тауарларының ұрлануының нәтижесінде 35 жастағы кәсіпкерге келтірілген шығын көлемі 35 мың теңгеден асты.
Ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындады. Заттай айғақтар ішінара тәркіленді. Тергеу жүргізілуде.
Женщина семь раз совершила кражу с одного магазина
8 ноября, в дневное время неизвестное лицо находясь в магазине в городе Хромтау, с витрины тайно похитило несколько флаконов шампуней. По данному факту в ходе изучения записей камер видеонаблюдения, полицейскими установлена 49-летняя местная жительница.
В ходе расследования выяснилось, что в течении последних двух недель подозреваемая уже 7 раз побывала в данном магазине, где путем свободного доступа, с витрин совершала кражу хозтоваров. Примечательно, что внимание злоумышленницы привлекало исключительно средство для мытья волос. Так, с конца октября женщина с одного и того же магазина украла 15 флаконов шампуня, часть которых она успела продать незнакомым лицам.
Сумма ущерба, причиненная 35-летней предпринимательнице в результате кражи хозяйственных товаров, составила более 35 тысяч тенге.
По факту кражи возбуждено уголовное дело по части 1 статьи 188 Уголовного кодекса Республики Казахстан. Вещественные доказательства частично изъяты. Подозреваемая свою вину признала. Ведется расследование.