Жильем обеспечивают семьи, чьи единственные дома были разрушены в результате паводка

Cу тасқыны салдарынан жалғыз баспанасы апатты деп танылған тұрғындар үшін қорлар арқылы 200 пәтер сатып алу жұмыстары қарқынды жүруде.    Қазіргі таңда 178-і үйдің 14-і - BI Group, 66-сы - «Қамқор-Ақтөбе 2024», 98-і - Болат Өтемұратов қоры арқылы сатып алынған.   Сондай-ақ, қорлардың көмегімен баспаналы болудан бөлек, Отбасы банк арқылы 100 пәтер сатып алуға несие рәсімдеуге мүмкіндік жасалуда.  

«Бір қарыз алушыға ең көп дегенде 15 млн теңге беріледі. Несиелеу ставкасы – 5%. Бастапқы жарна сомасы – 10%. Қарыз мерзімі банк талаптарына сәйкес болады»,- деді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев.   Айта кетейік, су тасқыны кезінде Ақтөбе қаласы бойынша 2990 отбасы зардап шегіп,2790 үйге жөндеу жұмыстарына қаражат аударылған. Ал, облыс көлемінде екінші нарықтан сатып алынған дайын үй саны – 495.

Жильем обеспечивают семьи, чьи единственные дома были разрушены в результате паводка. Работа по покупке 200 домов за счет средств фонда продолжается. На данный момент 14 из 178 домов приобрела компания BI Group, 66 – «Камкор-Актобе 2024», 98 – Фонд Булата Утемуратова. Помимо этого через Отбасы банк можно оформить кредит на приобретение квартиры. Всего банк выдаст 100 займов.  

«На одного заемщика выдается максимум 15 миллионов тенге. Ставка по кредиту равна 5%. Размер первоначального взноса составляет 10%. Срок займа определит банк»,- разъяснил руководитель областного управления энергетики и ЖКХ Арысулан Айтбаев.   Отметим, что во время паводка в городе Актобе пострадало 2990 семей, на ремонт своих домов средства получили 2790 человек. На вторичном рынке жилье приобрели для 495 семей.

Источник. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 132
Категория: 
�����