Шалқар тұрғынының үйінен заңсыз сақталған қару-жарақ табылды
3 қазанда Шалқар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 26 жастағы жергілікті тұрғынның үйінен қару-жарақ тауып тәркіледі.
Атап айтқанда, жас жігіт жазғы сарайында 16-калибрлі қос ұңғылы мылтық пен дара ұңғылы шолақ мылтық, сондай-ақ 16-калибрлі 7 патрон сақтаған. Ол полиция қызметкерлеріне қос ұңғылы мылтықты біраз уақыт бұрын далалықтан тауып алғанын айтса, екінші қарудың марқұм атасынан қалғанын хабарлады.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген қару-жарақтарға қажетті сараптамалар тағайындалды.
Житель Шалкара незаконно хранил у себя дома оружия
3 октября сотрудники отдела полиции Шалкарского района в ходе оперативно-розыскных мероприятий, по месту проживания 26-летнего местного жителя обнаружили и изъяли огнестрельные оружия.
Так, молодой человек хранил в летнем сарае двухствольное ружье 16-го калибра и обрез одноствольного ружья 16-го калибра, а также 7 патронов. Полицейским он пояснил, что двуствольное ружье он недавно нашел в степи, а обрез остался от покойного деда.
По данному факту возбуждено уголовное дело по части 3 статьи 287 Уголовного кодекса Республики Казахстан (Незаконное приобретение, передача, хранение, или ношение оружия,боеприпасов). По изъятым ружьям назначены необходимые экспертизы.