Жителей сел Мамыр и Нура эвакуировали из-за угрозы затопления

Қауіптің алдын алу: Нұра және Мамыр ауылдарынан тұрғындар эвакуацияланды Бүгін облыс басшысы Асхат Шахаровтың тапсырмасымен Ырғыз ауданы Нұра және Мамыр ауылдарының тұрғындары қауіптің алдын алу мақсатында қауіпсіз жерге көшірілді. Мамырда - 152, Нұра ауылында 691 адам тұрады.  Бұған - Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі себеп. ҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен барлығы 80 адам (Мамыр ауылы - 74 адам, Нұра ауылынан - 6 адам), оның ішінде 53 бала эвакуацияланды. Ауыл тұрғындарын қабылдау үшін Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп, №1 және №2 орта мектептері, «Жігер» спорт кешені дайындыққа келтіріліп, қажетті заттармен жабдықталды. Сондай-ақ, Мамыр және Нұра ауылдарына Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары және арнайы техника жұмылдырылды. Ауылдарды судан қорғау мақсатында бөгеттер нығайтылды. Тасқын су бөгеттен асып немесе жырылып кетсе, ауылды су басу қаупі туындайды.

Жителей сел Мамыр и Нура эвакуировали из-за угрозы затопления Сегодня по поручению главы региона Асхата Шахарова жителей сел Нура и Мамыр Иргизского района из-за угрозы затопления эвакуировали в безопасное место. В селе Мамыр проживает 152 человека, а в Нуре - 691 человек.  Причиной эвакуации населения стало повышение уровня воды в реке Торгай. Вертолетом Министерства обороны РК был эвакуирован 80 человек (74 жителей села Мамыр и 6 из села Нура), в том числе 53 ребенка. Эвакуационные пункты открыли в средней школе имени И. Алтынсарина, школах № 1 и 2, спортивном комплексе «Жигер». Пункты оснастили всем необходимым инвентарем. В села Мамыр и Нура мобилизованы спасатели и спецтехника ДЧС. Дамбы, расположенные рядом с населенными пунктами, были укреплены. Однако, если талые воды переполнят реку, возникнет угроза прорыва дамбы и затопления сел.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 134
Категория: 
�����