Ақтөбе облысының тұрғындары «Ауыл аманатына» биыл бөлінген қаржыны игерді Президент тапсырмасымен жүзеге асырылған «Ауыл аманаты» бірегей жобасы аясында Ақтөбе облысында 2700-ден астам кәсіпкер қолдау тауып, өз кәсібін ашты. Екі жыл ішінде өңірге жалпы сомасы 15 млрд теңгеден аса үш транш бөлінсе, бүгінде барлық сома толығымен игерілді. Атап айтқанда, мал шаруашылығы саласында 5,4 млрд. теңгеге 758 жоба іске асырылып, 22 417 бас мал сатып алынды. Тағы құс шаруашылығы бағыты бойынша 598 жоба - 2,4 млрд. теңгеге, өсімдік шаруашылығындағы 233 жоба - 1,2 млрд. теңгеге жүзеге асырылды. 1 113 ШОБ нысаны ашылды, 71 бірлескен кооператив және 2 014 жұмыс орны құрылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке 93,3 млн. теңге мөлшерінде салық түсімдері түсті. Ауыл кәсіпкерлерінің дамуына қуатты серпін берген «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өтінім қабылдау әлі де жалғасуда. Осы қараша айында 2,9 млрд теңге бөлінбек.
Жители Актюбинской области полностью освоили средства, выделенные по «Ауыл аманаты» в этом году В рамках программы «Ауыл аманаты», реализуемой по поручению Президента, свыше 2700 предпринимателей в Актюбинской области получили финансовую поддержку и смогли открыть собственное дело. За два года области в три транша было выделено свыше 15 млрд тенге, и на сегодняшний день вся сумма освоена полностью. На развитие животноводства направлено 5,4 млрд. тенге, реализовано 758 проектов и приобретено 22 417 голов скота. Еще 598 проектов на сумму 2,4 млрд. тенге реализовано по направлению птицеводства, 233 проекта на 1,2 млрд. тенге - в растениеводстве. Открыто 1113 объектов МСБ, создан 71 сельскохозяйственный кооператив и 2014 рабочих мест. По итогам 2023 года сумма налоговых поступлений составила 93,3 млн. тенге. Заявки продолжают приниматься в рамках программы «Ауыл аманаты», давшей мощный импульс развитию сельского предпринимательства. В ноябре этого года будет выделено 2,9 млрд тенге.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi