Жители Куйылыса вернулись в аул после двух месяцев борьбы с паводком

Тасқын: Ақтөбе облысындағы Екпетал ауылының 27 шаңырағы баспаналы болды  Ақтөбе облысында тасқын кезінде жаппай көшірілген Құйылыс ауылының тұрғындары екі ай дегенде үйіне оралды. Олар сәуірден бері Ырғыз ауданы орталығындағы эвакуация бөлімшесін паналап келген еді. Асқар Уәли, Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары:  — Құйылыс ауылындағы жағдай бірқалыпты болып, су деңгейі тұрақты түрде түсе басталуына байланысты осы маусым айының бірінен бастап Құйылыс ауылының тұрғындары толығымен ауылына қайтарылды. Қазір жағдай тұрақты, ауылмен көлік қатынасы бар.

 Ауылына оралған Құйылыстың жұрты алдымен амал садақасын берген. Екі ай бойы тасқынмен күрескен құтқарушылар мен әскерилерге алғыс айтып дастарқан жайды. Ырғыз өзені көтерілгенде екі ай бойы елдімекен шетіндегі бөгетті жеті метрге дейін көтеріп бекіткен-ді. Соның арқасында ауылдағы бірде бір үйге су кірмеген. Қазір Ырғыздағы эвакуация пунктінде тек Нұра ауылының жүз тұрғыны бар. Бұл ауылды толық су басып, енді орнына Сароба деген жерден 76 жаңа үй салынатын болады. Ал тасқыннан үйін жаппай су басқан Ойылдағы Екпетал ауылының 27 шаңырағы баспаналы болды. Оларға үйді аудан орталығынан сатып алып берген. Жалғас Төлеушов, Екпетал ауылының тұрғыны:

— Осылай өткендегі қиын уақытта суға кеткенімізге байланысты үйіміз суға кетті, содан бірталай қиыншылықта жүрдік. Енді, Алла амандығын беріп, мынандай үйге, шаңыраққа қолымыз жетіп, өкіметтің жартылай көмегімен, өзіміз жетпегенін өзіміз қосып, осындай шаңыраққа ие болған едік. Бала-шағам мәз болып қуанып жүр.

Жители Куйылыса вернулись в аул после двух месяцев борьбы с паводком В Актюбинской области после двух месяцев непрерывной борьбы со стихией сельчане, наконец, вернулись в родной аул. С апреля старики, женщины и дети села Куйылыс Иргизского района находились в эвакопунктах райцентра. А мужчины оставались в поселке, где вместе с военнослужащими и спасателями удерживали большую воду, которая вплотную подобралась к домам. И вот на выходных жители Куйылыса впервые за два месяца переступили родной порог. В знак благодарности, что все это время военные и спасатели боролись со стихией, они накрыли для них большой дастархан. Уровень воды в реке Иргиз, по данным чиновников, начал понемногу спадать. В акимате утверждают, что опасность миновала. Сейчас в эвакуационном пункте Иргиза остаются только 100 жителей поселка Нура. Во время паводков аул полностью затопило, теперь для пострадавших построят 76 новых домов в соседнем населенном пункте. А в Уилском районе жители поселка Екпетал, в котором тоже практически не осталось ни одного целого строения, уже стали счастливыми новоселами. Власти прибрели для 27 семей жилье в районном центре. Жалгас Толеушов, житель пос. Екпетал: – Наш дом во время паводков полностью затопило. Очень сложная ситуация. Но нас не оставили на улице. Вот приобрели такой дом. Полсуммы оплатило государство, половину сами собрали. Всем довольны.

Источник.http://ktk.kz

Просмотров: 157
Категория: 
�����