Мәртөк және Кеңсахара ауылдарының тұрғындарына коммуналдық тұрғын үйлердің кілттері табысталды Мәртөк ауданында Мәртөк ауылында орналасқан 39 екі пәтерлі жалға берілетін коммуналдық тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Аталған жоба 2020 жылы «ҚазПромСтройГрупп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен басталған болатын. Аудан әкімі Медет Ысқақов қатысқан салтанатты іс-шарада тұрғын үй кезегінде тұрған төрт санаттағы азаматтарға 86 тұрғын үйдің кілті табысталды. Атап айтқанда, көпбалалы отбасыларға – 25 пәтер, жетім балаларға – 15 пәтер, әлеуметтік осал топтарға – 32 пәтер, ал мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет ұйымдарының қызметкерлеріне – 14 пәтер берілді. Сонымен қатар, Кеңсахара ауылында 2024 жылы басталған 4 екі пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы да биыл толығымен аяқталды. Бұл үйлердің құрылысы кезінде барлық қажетті жұмыстар орындалды: терезелер мен есіктер орнатылып, электрмен жабдықтау және газбен жабдықтау жүйелері жүргізілді. Үй ішіндегі коммуникациялар мен жылыту жүйелері толық іске қосылды.
Жителям сёл Мәртөк и Кенсахара вручили ключи от коммунальных жилых домов В Мартукском районе завершены строительные и монтажные работы 39 двухквартирных арендных коммунальных жилых домов в селе Мартук. Строительство данного проекта было начато в 2020 году товариществом с ограниченной ответственностью «КазПромСтройГрупп». На торжественном мероприятии по вручению ключей принял участие аким района Медет Искаков. По четырём категориям граждан, стоящих в очереди на жильё, было вручено 86 ключей от жилых домов. В частности, многодетным семьям выделено 25 квартир, детям-сиротам – 15 квартир, социально уязвимым слоям населения – 32 квартиры, а государственным служащим и работникам бюджетных организаций – 14 квартир. Кроме того, в селе Кенсахара строительство 4 двухквартирных коммунальных жилых домов, начатое в 2024 году, было полностью завершено в этом году. При строительстве этих домов были выполнены все необходимые работы: установлены окна и двери, проведены системы электроснабжения и газоснабжения. Внутридомовые коммуникации и системы отопления полностью введены в эксплуатацию.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi