Знакомый под предлогом позвонить взял телефон и оформил онлайн денежный кредит на его имя

Полицияға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, танысы қоңырау шалу сылтауымен ұялы телефонын сұрап алып, оның атына онлайн ақшалай несие рәсімдеген. Несиелік өтінім мақұлданғаннан кейін бірден өз банк шотына ақша аударған.

Бұл туралы жас жігіт бір апта өткеннен кейін банктен хабарлама келгесін білген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Олар жәбірленушінің ағасының досы болып шықты. Белгілі болғандай, ер адам ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын шамамен 200 мың теңгені құрады.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тергеу күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар -жоғын тексеруде.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға және алаяқтардың қулығына түспеуге шақырады. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін смартфонға құпия сөз немесе цифралық кілт орнатыңыз.

В полицию с заявлением обратился местный житель. По словам потерпевшего, знакомый под предлогом позвонить взял телефон и оформил онлайн денежный кредит на его имя. Сразу же после одобрения кредитной заявки перевел денежные средства на свой банковский счет.

Об этом молодой человек узнал только через неделю, то есть когда пришло извещение из банка.

В результате оперативно-розыскных мероприятий сотрудники полиции установили личность подозреваемого. Им оказался местный житель, который является приятелем брата потерпевшего. Как выяснилось, мужчина деньги потратил на свои нужды. Общий ущерб потерпевшему составил более 200 тыс. тенге.

В настоящее время по данному факту проводится досудебное расследование по ст. 190 ч.2 УК РК «Мошенничество». Следствием выясняется причастность подозреваемого к другим аналогичным преступлениям.

Департамент полиции Актюбинской области призывает граждан быть бдительными и не попадаться на уловки мошенников. Установите на свой смартфон пароль или графический ключ во избежание подобных случаев.

 

 

 

 

Просмотров: 196
Категория: 
�����