Жобаны іске асыруға 3 асфальтбетон зауыты, шамамен 254 бірлік жол-құрылыс техникасы және 574-тен астам жұмысшы жұмылдырылды. Жоба аясында 15 көпір, 16 мал айдайтын өткел, 3 көлік айырығы, сондай-ақ 60 су өткізу құбыры салынды. Айта кету керек, Ақтөбе облысы бойынша Республикалық маңызы бар А-27 «Ақтөбе-Атырау – РФ шекарасы (Астраханьға)» автомобиль жолының жалпы ұзындығы 326 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, өңір басшысы атап өткендей, биыл облыста жолдарды жөндеу және салуға 65,9 млрд.теңге қарастырылған.