Новости

Қостанай облысында жол ережесін бұзған 11 жүргізуші дрон арқылы анықталды Үш апта ішінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған 11 жүргізуші дрон арқылы анықталып, тіркелді. Олардың алтауы қарсы жолаққа шыққаны үшін алты айға жүргізуші куәлігінен айырылды. Сотта қаралған материалдар заңды әрі дәлелді деп танылды. Еске сала кетейік, қауіпті учаскелерде полиция қызметкерлері прокуратура және ТЖД қызметкерлерімен бірге құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау үшін дронды пайдаланады. Жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз!

Категория: 

Волейбол: «Ақтөбе» алғаш рет Қазақстан кубогын жеңіп алды  Ақтөбе қаласында волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубогы ойындары аяқталды. Финалда алаң иелері мен Оралдың «Жайығы» алтын жүлдені сарапқа салды. Оралдық клуб «Конденсат» болып аталған кезде Қазақстан кубогын екі рет жеңіп алса, Ұлттық лигаға өткен жылы қосылған ақтөбеліктер мұндай табысқа қол жеткізбеген еді. «Жайықтың» бас бапкері Виктор Козиктің Қазақстан ұлттық құрамасын қоса жаттықтыратыны белгілі.

Категория: 

Ақтөбе облысы командалық сайыста жеңіске жетті Әйтеке бидің 380 жылдығына арналған «Әділ сөздің алдаспаны» атты Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары арасында өткен командалық сайыста Ақтөбе облысының өнерпаздары жеңіс төрінен көрінді. Дүбірлі өнер додасында көрермен қос өңірдің айтыскер, жыршы, термеші, дәстүрлі әнші, күйшілерінің өнерін тамашалады. Облысымыздың намысын Әділбек Сарин, Ақбота Қоянбайқызы, Нұрбол Жауынбаев, Жалғас Болатұлы, Аруна Керімбек, Жеңіс Елемесов, Қайырхан Жұбаниязов, Жәнібек Бейбітов, Темірхан Жетесов қорғады.

Категория: 

Полиция проводит досудебное расследование.
Скорая помощь увезла двоих человек с места столкновения двух автобусов в Актобе.
Авария произошла 13 октября около 15.00 на остановке "Автовокзал", автобус №21 столкнулся с впереди стоящим автобусом №51.
Бригаду неотложки на место ДТП вызвали очевидцы.

"В Многопрофильную областную больницу доставили двоих женщин 1963 и 1969 годов рождения с травмами. Ещё три участника происшествия отказались от осмотра", – рассказали в областном управлении здравоохранения. 

Категория: 

Шокирующий случай произошел в Семее.
В горящем мусорном баке нашли младенца.
Как сообщают источники в социальных сетях, инцидент произошел в одном из районов Семея. Ребенка нашли около 12 часов, он был реанимирован с ожогами 70 процентов тела

Источник.https://www.instagram.com/p/DBEmVBdshHl/

Категория: 

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратурасының үйлестіруімен «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жедел іс-шаралар өткізу барысында Қандыағаш қаласында дәрігердің тағайындауынсыз бөлшек саудада сатуға қатаң тыйым салынған дәрі-дәрмектерді рецептсіз сату дерегін анықтады. Дәріханада 15 ампула мен 6 трамадол таблеткалары тәркіленді.
Есірткі заттары, психотроптық заттар және олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу фактісі бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Категория: 

Үйде өрт шыққан жағдайда әрекет ету тәртібі  Газ беру кранын жабыңыз, электр қуатын өшіріңіз;  Өрттің дамуының бастапқы кезеңінде сіз оны барлық өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіштер, төсек жапқыштары, құм, су және т.б.) пайдаланып сөндіруге тырысыңыз;  Ауа ағыны мен өрттің таралуын болдырмау үшін үйіңіздегі барлық есіктерді жабыңыз;  Үйден шығыңыз, осы жағдайда ең қауіпсіз жолмен жүріңіз;  Егер түтін сіздің үйіңізге еніп кеткен болса, еденге жақын болыңыз: ол жерде әрқашан таза ауа болады.

Категория: 

Өңір басшысы тұрғындар төтенше жағдайға тап болған мезетте тәулік бойы қызмет көрсететін 109 Ахуалдық орталығы немесе 112 құтқару нөміріне хабарласа алатынын еске салды.   Асхат Шахаров биылғы қыста республикалық жолдарда көліктердің тұрып қалуына әсер еткен бірнеше факторды атап өтіп, оның шешілу жолдарын айтты. Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарында күрделі жағдайларды болдырмауға бағытталған барлық шараны уақытылы қабылдауды міндеттеді.  

Категория: 

Асхат Шахаров ауа райының қолайсыздығына байланысты шұғыл түрде төтенше жағдайлар отырысын өткізді    «Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, 14 қазанға дейін ауа-райы жауын-шашынды болады, арты қарға ұласады.   Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров шұғыл түрде төтенше жағдайлар бойынша штаб отырысын өткізді. Онда ауа райының қолайсыздығынан туындауы мүмкін мәселелерді дереу шешуге дайындықты ұйымдастыру мәселесі қаралып, жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Категория: 

Жаңа травматология пункті науқастарды қабылдауды бастады Ақтөбеде травматологиялық пункт ашылды. Жаңа бөлімше Қарғалы қалалық ауруханасының хирургия блогінің құрамында. Мамандар жарақат алған науқастарға қызмет көрсетуді бастап кеткен. Облыс орталығында екінші травматология пунктін ашуға ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті бастама көтерген, мұндағы себеп – жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер қатарының көбеюі екен.

Категория: 
�����