Новости

Астанада «Дүние дидарындағы Димаш» көрмесі ашылды Ұлттық музейде Қазақстанның халық әртісі, композитор және мультиаспапшы Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған «Дүние дидарындағы Димаш» көрмесі ашылды. Мәдени шарада ҚР МАМ Мәдениет комитетінің төрайымы Күміс Сейітова министрдің, Ақтөбе облысынан барған Ішкі саясат басқармасының басшысы Әлібек Бәйнешов және Мәдениет басқармасының басшысы Алтынай Юнисова облыс әкімінің құттықтау хатын жеткізді.

Категория: 

Буллингпен күрес: оқу орындарында әлемдік тәжірибе қолданылып жатыр Биыл Ақтөбе облысында жасөспірімдер зардап шеккен 120-дан астам қылмыс тіркелді. Полицейлердің айтуынша, балаларды тонау, олардың затын ұрлау сияқты құқықбұзушылықтар әдетте әлімжеттік көрсетуден басталады. Сондықтан қазір елдегі оқу орындарында буллингтің алдын алу шаралары қолға алынды. Балалардың іс-әрекетіне бақылау күшейді. Балаларды зорлық-зомбылық пен әлімжеттіктен қорғау мақсатында құрылған «Жан-Ахуал» орталығы мамандарына да жүгінуге болады. Жыл басынан бері жедел желіге 600-ден астам қоңырау түскен.

Категория: 

Түркістан облысында полиция тұрғынның үйінен арыстан мен жабайы құстарды тәркіледі Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сирек кездесетін жануарлар мен құстарға қатысты заңсыз әрекет жасау фактісін анықтады. Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер Сарыағаш ауданы тұрғындарының бірінің үйіне тексеру жүргізіп, ауласынан бір арыстан, екі бүркіт, сұңқар, екі үкі және екі кекілік құсын тәркіледі. Ер адам жабайы аңдарды өз қажеттілігі үшін асырағанын жеткізді.

Категория: 

Полицейлер пәтерде жалғыз кілттеніп қалған бүлдіршінді құтқарды Атырау облысының Мақат ауданында тәртіп сақшысы Алдияр Базарғалиев көмек сұраған тұрғындарға дереу жәрдемдесті. Ауланы аралау кезінде оған азаматтар екінші қабаттағы пәтерде кішкентай қыздың құлттанып қалғанын және ас үйде газ плитасы қосулы екенін айтқан. Қауіптің алдын алу керек екенін түсінген Базарғалиев жақын маңдағы балабақшадан баспалдақ алып, пәтерге терезе арқылы кіріп, бүлдіршінді сыртқа шығарды. Қыздың ата-анасы полиция қызметкеріне перзентін құтқарғаны үшін шын жүректен алғыс білдірді.

Категория: 

Бүгінгі таңда Қуандық Қасымовтың айтуынша, 190 үй қысқа дайындық паспортын алды, 400-ден астам өтініш қаралуда.  Облыс әкімі Асхат Шахаров коммуналдық кәсіпорынның нысандарды цифрландыру бойынша жүргізген жұмысын жоғары бағалады.

Категория: 

Ақтөбеде қысқа дайындық паспорты беру жұмыстары жалғасуда «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ өңір басшысынаоблыс орталығының алдағы жылыту маусымына дайындығы туралы айтып берді. «Аqtobe Su-Energy Group» АҚ Бас директоры Қуандық Қасымов коммуналдық кәсіпорынның апаттық-диспетчерлік қызметінің жаңа ахуалдық орталығының жұмысын таныстырды. Үлкен экрандар онлайн режимінде кәсіпорынның балансында тұрған барлық нысанды көрсетеді. Айтып өтейік, қазандықтар, сорғы станциялары, жылу желілері, КСС және басқа да нысандар цифрландырылды. Ахуалдық орталық тәулік бойы жұмыс істейді.

Категория: 

Облыс орталығында жол жөндеу жұмыстары қарқынды  Өңір басшысы Асхат Шахаров Бауырластар-3 және Жібек жолы тұрғын алаптарындағы жолдардың құрылысы қалай жүріп жатқанын тексерді.  Бауырластар-3 тұрғын алабында «Жайлы мектепке» кіреберіс жол салынуда. Елдімекен дамып келеді, қолайлы өмір сүру үшін барлық коммуникация үйлерге тартылған. Енді қалып тұрғаны – жолдарды ретке келтіру және халыққа ыңғайлы қоғамдық көліктерді іске қосу.   

Категория: 

 

Қаланы аралау барысында Асхат Шахаров Есет батыр шағын ауданын айналып өтетін арық құрылысын да қарап шықты. Көктемгі су тасқыны кезінде Есет батырдағы екінші ықшам ауданның бір бөлігі зардап шекті. Су жолға шығып кеткен. Қазіргі уақытта мұнда жерасты арығы және ұзындығы 950 метр ашық арна жабдықталуда. Құрылыс бойынша еріген су Қарғалы өзеніне бағытталады.

Категория: 

«ZNS Group» ЖШС мердігер ұйымы директорының орынбасары Александр Лисицкийдің айтуынша, каналдың құрылысы 2023 жылы басталды.

Категория: 

Ақтөбенің бірнеше тұрғын алабында су бұру арналары салынып жатыр  Облыс әкімі Ақтөбенің бірқатар тұрғын алабында орналасқан су бұру арналарының құрылыс барысын бағамдады.  Бірінші нысандағы жұмысты «ZNS Group» ЖШС жүргізуде. Ұзындығы 3,5 шақырымдық канал Құрашасай және Қанағат тұрғын алаптарындағы еріген қар суын бұруға арналған.

Категория: 
�����