Әрі қарай Асхат Шахаров «Фитнес» дене шынықтыру-сауықтыру орталығын аралап шықты. Жеке кәсіпкер Әділжан Бұлтеев оны «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында салған, оған 17 млн.теңгеге несие рәсімдепті. Орталықта ЕДШ кабинеттері, массаж кабинеттері, тұз шахтасы, тренажер залы ашылды. Өңір басшысы орталық тұрғындардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосатынына сенім білдіріп, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.