Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында Ақтөбе облысының полиция департаменті ағымдағы жылдың 21-23 қазан аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел–алдын алу іс-шарасын өткізеді.
Тәртіп сақшылары елді мекендерді, әкімшілік учаскелер мен саяжай аумақтарын патрульдеп сондай-ақ, елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтау, есепке алынған адамдарды бақылау, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаған немесе тасымалдаған адамдарды тексеру және ұстау бойынша жұмыс жүргізіледі.