«Абай мұрасы – халық қазынасы» әдеби – танымдық шарасы өтті Абай күніне арналған шараға зиялы қауым, азаматтық қоғам өкілдері, еңбек ардагерлері, этномәдени бірлестік мүшелері, кітапхана оқырмандары, қала тұрғындары мен қонақтар қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан, философия ғылымдарының докторы, профессор, әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, абайтанушы, Ақтөбе облысының Құрметті азаматы Алтай Тайжанұлы, облыстық мәслихат депутаты, ақын Бижан Қалмағанбетов қатысып, бұл күннің маңыздылығына тоқталып, жылы лебіздерін білдірді.