Новости

Ақтөбе облысы прокуратурасының 3-ші басқармасының бастығы Асланбек Сәбитов бизнестің құқын қорғау туралы мәліметпен бөлісті. Жыл басынан бері прокурорлар 200-ден астам кәсіпкермен кездесу өткізген. Қадағалау іс-шараларының нәтижесінде 315 кәсіпкердің құқығы қорғалды, 35 дерек бойынша прокурорлық ден қою актілері жасалды, 14 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 8 тәртіптік жаза шығарылды. Сонымен қоса, тарифтерді қайта қарау бойынша 21 инвестордың құқығы қорғалған.

Категория: 

Облыс әкімі өз сөзінде билік пен бизнестің өзара іс-қимылының маңызын атап өтті. Шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру - тұрақты бақылауда. Әсіресе, әкімшілік кедергілерді жою және өңірде қолайлы іскерлік ахуал қалыптастыруға ерекше назар аударылады.  Асхат Шахаров биыл шағын және орта бизнесті қолдауға 12,5 млрд теңге бөлінгенін алға тартты. 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 166 жоба қолдауға те болды, оның 26%-і - ауылдық жерлерде. Жыл соңына дейін тағы 2000-ға жуық жобаны қолдау жоспарлануда.

Категория: 

Өңір басшысы Асхат Шахаров пен облыс прокуроры Марат Әбішев жергілікті кәсіпкерлер және инвесторлармен кездесті.   Кездесуге құқыққорғау және қадағалау органдарының басшылары, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер қатысты. Ашық диалог барысында бизнес-қоғамдастықты толғандыратын өзекті мәселелер қаралды.   

Категория: 

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен өңірлік іс-шаралар жоспары бекітіліп,бірнеше мәдени-танымдық және спорттық іс-шара ұйымдастырылуда.    Облыс тұрғындары Шымкенттен бастау алған флешмобты ары қарай Түркістан және Абай өңірлеріне жолдады.  

Категория: 

Ақтөбе облысында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған «80 алғыс сөз» атты патриоттық флешмоб бастау алды. Бұл игі бастама алғаш Шымкент пен Атырау облыстарында жүзеге асып, енді Ақтөбе өңірінде де жалғасын табуда.   Флешмобтың басты мақсаты – соғыс ардагерлеріне, тылда аянбай еңбек еткен ата-әжелерімізге алғыс айту, олардың ерлігі мен жанқиярлық еңбегін ұлықтау. Жоба аясында жастар ардагерлерге арнап жүрекжарды тілектерін айтып, «рахмет», «құрметтейміз»,«есте сақтаймыз» сынды түрлі алғыс сөздерін көпшілікпен бөлісуде.

Категория: 

Асхат Шахаров Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «80 алғыс сөз» атты челленджді қолдады Өңір басшысы Facebook әлеуметтік желісінде жазба жариялады.

Категория: 

Ежегодно 15 апреля в Казахстане отмечается День влюбленных.  В отделы РАГС Госкорпорации «Правительство для граждан» поступило более полутысячи заявок на регистрацию брака в этот день. Лидерами по числу регистраций стали Алматы, Астана и Туркестанская область. 

К слову, в I квартале 2025 года в Актюбинской области было зарегистрировано всего 1045 браков. Большая их часть приходится на Хромтауский, Мугалжарский  и Шалкарский районы.

Категория: 

С 21 апреля сотрудники государственных структур Актюбинской области перейдут на новый режим рабочего времени за счет сокращения обеда и начала рабочего дня на полчаса раньше.

Пресс-секретарь акима Актюбинской области Гулбагда Кобеева сообщила корреспонденту NUR.KZ подробности распоряжения главы региона об изменении рабочего графика.

"С 21 апреля 2025 года аппарат акима области, областные управления, а также акимат города Актобе переходят на новый режим рабочего времени: с 08:30 до 17:30, с обеденным перерывом с 12:30 до 13:30.

Категория: 

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданына барды.  Сапар аясында аудан әкімінің Дархан Ермағанбетов Қандыағаш қаласында жаңадан салынып жатқан «Самал» мөлтек ауданындағы 600 орындық және «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 600 орындық мектептердің құрылыс жұмыстарын көрсетті. Мердігерлерге құрылыста жұмыс күшін арттыру, нысандарды жоспарланған уақытта халық игіліне беру тапсырмасы жүктелді.

Категория: 

2025 жылы вокзалға күрделі жөндеу мен қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Жоба аясында ғимараттың сыртқы келбеті қаланың сәулеттік стиліне сай жаңартылып, ішкі кеңістіктер, инженерлік жүйелер, ақпараттық жүйелер мен қауіпсіздік талаптары қайта қарастырылады. Мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін пандустар, арнайы кассалар мен дәретханалар, индукциялық жүйелер мен тактильді бағыттаушы жолдар орнатылады.

Категория: 
АктобеИнфо