Әкім командаға сәттілік тілеп, ақтөбелік жанкүйерлердің үміті мен сенімі зор екенін атап өтті.
«Әдетте біз Орталық стадиондағы ойындарды мамыр айында бастайтын едік, міне, биыл бір ай ерте матч өткізгелі жатырмыз. Команда алдында үлкен міндеттер тұр. Барлық жағдай жасалды. Дайындықты күшейту керек. Ақтөбе халқы әрқашан өз командасын қолдап келеді. Сіздердің әр ойындарыңыз – жанкүйерлер үшін үлкен оқиға. Сондықтан, бар күш-жігерлеріңізді салып, ел намысын қорғауға дайын болыңыздар. Біз сіздерге сенеміз, әрдайым спортшыларымызға қолдау білдіреміз», – деп атап өтті ол.