Новости

Италиядан келген қонақтар қазақстандық полицейлердің жұмысын жоғары бағалады Италиядан келген туристер: "Біз Италиядан келдік. Полицейлерге рақмет, олар бізге үлкен қолдау көрсетті, бәрі керемет болды!" Басқа итальяндықтар да тәртіп сақшыларының жоғары кәсібилігін ерекше атап өтіп, олардың қолжетімділігіне, көмегі мен қонақжайлығына ризашылықтарын білдірді. Полиция қызметкерлері қонақтарға сәттілік тілеп, әрдайым көмекке дайын екенін еске салды!

Категория: 

Елордалық полиция қызметкерлері арқан тартыс турнирінде күміс жүлдені иеленді Ақтық сында Қазақстан әйелдер құрамасы Ресей Федерациясының спортшыларымен күш сынасып, күміс жүлдеге ие болды. Командада 10 спортшы бар, олардың жетеуі полиция қызметкерлері. Бұл додада әйелдер құрамасы 560 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жыл басынан бері арқан тартыс бойынша құрама команда тәжірибелі жаттықтырушы Рауан Қайырбаевтың басшылығымен қарқынды жаттықты. Оның құрамына халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері мен спорт шеберіне үміткерлер кірді.

Категория: 

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Қазақ күресінен жеңімпаз атанған, ақтөбелік Назерке Азаматова Ақтөбеге алтын медальмен оралды. Астанада өткен турнирде ол өз шеберлігін көрсетіп, жеңіске жетті. Оны әуежайда отбасы, жанкүйерлер мен достары қарсы алды. Назерке Азаматова, спортшы:— Керемет. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Қазақ халқына үлкен рахмет. Алғысым шексіз! Өте қуаныштымын. Қазір жеңіске жеткенімді жақындарымның қасында сезініп жатырмын. Чемпионат былтырғы жылы осы айда өтті. Дәл осы сәтті бір жыл бойы күттік. Бізде 7-8 оқу - жаттығу жиындары өтті.

Категория: 

Осы жылы әскери институттан 89 жас лейтенант қанат қақты. Оның ішінде 31-і –ұшқыш және 58-і – инженерлік мамандықты меңгерген. Бүгін олар офицерлік шендерін салтанатты түрде лауазымды тұлғалардың қолынан алды.  Шара түлектердің Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі және дәстүрлі офицерлер вальсімен аяқталды. Осы маңызды күнде түлектердің бірі, лейтенант Алдияр Тұрақбай өзінің сүйіктісі Ақботаға шаңырақ көтеру туралы ұсыныс жасап, оның өмірлік жар болуға келісімін алды. Жоғары білімді мамандар еліміздің қорғаныс саласындағы маңызды міндеттерді атқаруға дайын.

Категория: 

В понедельник, 16 сентября, Землю накроет мощная магнитная буря.

По информации Meteoagent, с 10 сентября Земля находится под влиянием повышенной солнечной активности, ее мощность меняется. Буря продлится до 17 сентября.

15 сентября уже наблюдался повышенный фон геомагнитных колебаний с К-индексом 6 (красный уровень), что соответствует сильной магнитной буре. 16 сентября солнечная активность дошла до К-индекса 7.

Категория: 

В Центральном парке Караганды 15 сентября произошло падение кабины аттракциона "Вертолетик", в которой находились женщина и ребенок

Как сообщили в Управлении парками Караганды, пострадавшие были осмотрены медиками на месте происшествия и отпущены домой. 

"Данный аттракцион принадлежит частному лицу. Техническая экспертиза данного аттракциона прошла в текущем году перед началом сезона (в мае) у лицензированной компании. Владелец имеет все необходимые для эксплуатации документы", – говорится в сообщении.

Категория: 

Ақтөбедегі әскери институттан офицер-авиаторлардың кезекті легі қанат қақты  Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтының 27-ші легі - жас лейтенанттарына диплом табыстау рәсімі облыс әкімдігінің алдындағы алаңда өтті. Оқу орнын сәтті тәмамдаған жас офицерлерді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов, сондай-ақ құрметті қонақтар мен түлектердің ата-аналары құттықтады.

Категория: 

Қытайдағы халықаралық сауда қызметі көрмесінде алғаш рет Қазақстанның ұлттық стенді ашылды ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған делегация Қытайдың Бейжің қаласында өткен сауда қызметі бойынша жаһандық саммитке және CIFTIS көрмесіне қатысты.  Делегация құрамында Сауда министрі Шаққалиевпен бірге Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, Экология және табиғи ресурстарвице-министрі Мансур Ошурбаев, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің өкілдері болды.

Категория: 

Ақкемер ауылы тұрғындарының қуанышы Ойыл ауданы Ақкемер ауылының 16 тұрғыны қоныстойын тойлады.  Жаңа қоныс иесі, ауыл тұрғыны Өтеміс Қожағалиев қуанышқа бөленіп, үйін аралап көрді. Үй үш бөлмелі, ауданы 80 шаршы метрді құрайды. Бір үйдің құны - 28,5 млн. теңге. Құрылыс жұмыстарын «Hause Master Aktobe» мердігер компаниясы жүргізді.

Категория: 
�����