Новости

«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық байқауын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті  Байқау отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және отбасы институты мәртебесін көтеруге бағытталған.  Комиссия отырысы облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің төрағалығымен өтті. Басқосуда комиссия мүшелері отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және отбасы институтын арттыруға бағытталған ұлттық байқауға бақ сынауға өтінім берген отбасылардың ішінен үздігін таңдау үшін құжаттармен танысып, олардың бейнероликтерімен танысты.

Категория: 

Республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Хромтау-Ұлғайсын» жолы төрт жолақты болады   Қайта құру жұмыстары басталып кетті. Бұл жол I техникалық санатқа ие болып, төрт жолақты жолға айналады, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.    Құрылыс жұмыстары Ақтөбе өңірінің Хромтау ауданында жүріп жатыр. Жаңа төрт жолақты жол Хромтау қаласының қасында басталып, Ақжар ауылы мен Жазық бекеті арқылы өтеді. Бұл учаскеде 2 көпір мен 2 жол айрығы салынады. Ақтөбе өңіріне жұмыс сапары аясында құрылыс жұмыстарының барысын көлік министрі Марат Қарабаев тексерді.  

Категория: 

Ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастығы Айбек Шілманов өз сөзінде елімізде қазір 83 мың мемлекеттік қызметкер бар екенін атап өтті.  Бұл жолы барлық 17 облыс пен Астана мен Шымкент қаласынан келген команда 669 әуесқой азамат өзара сынға түседі. Олар 8 спорт түрінде (үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, гір тасын көтеру, жүзу, қазақ күресі, шағын футбол мен волейбол) кім мықтыны анықтамақ. Жарыста 98 республикалық деңгейдегі төреші жұмыс істейді.

Категория: 

«Биылғы Спартакиадаға 700-ге жуық мемлекеттік қызметші бас қосты. Осы арқылы сіздер бұқаралық спортты кеңінен насихаттап келесіздер. Спартакиада барлық қатысушы үшін сәтті өтеді деген сенімдемін. Төрешілерге жарыстарда табыс тілеймін»,- деді ҚР ТСМ Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Есет Байтасов. 

Категория: 

Әр өңірдің мемлекеттік қызметкерлері Ақтөбеге жиналды  Бүгін Ақтөбе қаласында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы дәстүрлі Спартакиада басталды.

 Государственные служащие каждого региона собрались в Актобе  Сегодня в Актобе началась традиционная Спартакиада среди работников местных исполнительных органов.

Источник.https://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Категория: 

“Heriot-Watt-та” оқығым келетінін түсіндім   Шетелдік талапкер британдық университеттің Ақтөбедегі кампусына оқуға түсті.  Арсений Минин Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі кампусына ақылы бөлімге құжаттарын тапсырды. Болашақ студент Ресей азаматы болғанымен Қазақстанда жоғары білім алуды ұйғарған.

Категория: 

Қобдадағы құрылыс барысы   Қобда және Жарық ауылдарында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 147 үй салынып жатыр. Бүгінгі күні  144 үйдің жары қаланды 133 үйдің төбесі жабылды 78 үйдің ішкі жұмыстары жүргізілуде 2 үйдің пайдалануға беріледі    Құрылыс нысандарына материалдар уақытылы жеткізіліп отыр. Сыртқы электр, газ және су желілерлін жүргізуші мердігерлер жұмыстарына кірісіп кетті.

Категория: 

Шалқарлық тұрғын «Ауыл аманаты» жобасы аясында арманындағы кәсібін ашты  Шалқар ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы басталғалы бері 240 жобаны дамытуға 1 452,8 млн теңгеге несие қаржысы бөлінді. Оның ішінде 54 жоба - құс, 10 жоба - өсімдік, 106 жоба - шағын бизнес және 70 жоба - мал шаруашылығы бағытында. Жалпы аудан бойынша 301 жоба тапсырылған, Шалқар қаласы бойынша - 131 жоба, қалған 170 жоба - ауылдық округтерге тиесілі.  Мәселен, Есет Көтібарұлы ауылдық округінің тұрғыны Жандос Ізтілеуовтің арманы өз кәсібін ашу болыпты.

Категория: 
�����