Ағымдағы жылғы 31 қаңтарда "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс –шарасын өткізу кезінде ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Гришина көшесіндегі аулалардың бірінде 44 жастағы ер адамды байқап, тоқтатты. Тексеру кезінде есірткі заты бар 35 полиэтилен түйіншегі тәркіленді. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат-салмағы 2 келіден асатын марихуана, сондай-ақ ұсталған адам есірткілік масаң күйде болған.
Әрі қарай тергеу әрекеттерін жүргізу барысында ұсталған адам бұл затты таныс адамынан алғанын түсіндірді. Есірткі сатушының тұрғылықты жері бойынша тінту барысында қызметтік иттің көмегімен полиция қызметкерлері балконнан 7 кг-нан астам марихуанаға ұқсас затты тәркіледі.
ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" және ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қара нарықта тәркіленген есірткінің сомасы 3 млн. теңгеден асады. Айналымға жіберілмеген тәркіленген есірткі заттары 19 мыңнан астам бір реттік дозаны құрады.
Сатушы мүлікті тәркілей отырып, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
31 января т.г. при проведении оперативно-профилактического мероприятия «Правопорядок» сотрудниками Управления противодействию наркопреступности ДП области во одном из дворов по ул. Гришина был замечен и остановлен 44 –летний мужчина. При наружном досмотре, у которого было обнаружено и изъято 35 полиэтиленовых свертка с наркотическим веществом. Как показала экспертиза изъятое вещество является марихуаной весом более 2 кг. Также задержанный находился в состоянии наркотического опьянения, вызванное употреблением апиоидов.
Далее в ходе проведения следственных действий задержанный пояснил что данное вещество приобрёл у мало знакомого мужчины.
В ходе обыска по месту жительства предполагаемого наркосбытчика с помощью служебной собаки полицейские изъяли с балкона более 7 кг. аналогичного вещества.
По указанным фактам начаты досудебные расследования по ст. 297 ч.1 УК РК «Незаконные изготовление, переработка, приобретение, хранение, перевозка в целях сбыта, пересылка либо сбыт наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов».
На черном рынке сумма изъятых наркотиков составляет более 3 млн. тенге. Не допущенные к обороту изъятые наркотические вещества составило более 19 тыс. разовых доз.
Сбытчику грозит лишение свободы сроком от пяти до десяти лет с конфискацией имущества.
Источник.