Ағымдағы жылдың 13 ақпанында сағат 11:00 шамасында "Самара-Шымкент" автожолының 619 шақырымында 4 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Автокөлік тиеген "Рено" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі, Грузия республикасының азаматы, Алматы қаласына автокөліктерді тасымалдау кезінде, жолдың тайғақ бөлігінде жол және метеорологиялық жағдайларын ескермей, алда келе жатқан автокөліктерді тиеген "Рено" маркалы жүк автокөліктерімен соқтығысуға жол берді. "Рено" маркалы автовоз соққысынан қозғалыс бағытын өзгертіп, "Мерседес" маркалы қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен соқтығысуға жол берді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Мерседес" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Хромтау қаласының орталық ауруханасына жатқызылды.
ЖКО фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті қала мен аудандардан тыс жерлерге шығу кезінде жол қозғалысы ережелері мен метеорологиялық жағдайларды сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.
13 февраля т.г. около 11:00 часов на 619 км автодороги «Самара-Шымкент» произошло дорожно-транспортное происшествие с участием 4-х автомашин. Водитель автовоза марки «Рено» гражданин Грузии, перевозивший автомашины в г.Алматы, не учитывая дорожные и метеорологические условия, на скользком участке дороги, допустил столкновение с впереди идущими грузовыми автотранспортными средствами марки «Рено», так же перевозящих автомобили. От удара автовоз марки «Рено», изменив направление движения, допустил столкновение со встречным грузовым транспортным средством марки «Мерседес».
В результате ДТП водитель грузового транспортного средства марки «Мерседес» госпитализирован в ЦРБ г.Хромтау с различными телесными повреждениями.
По факту ДТП проводится расследование.
Департамент полиции Актюбинской области предупреждает о необходимости соблюдения правил дорожного движения и метеорологических условий при выезде за пределы города и районов.
Источник.